Евразия24Еуразия патриоттарыЕАЭО аясындағы сот төрелігі

ЕАЭО аясындағы сот төрелігі

|

|

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты хабарлайды: Минск қаласында Еуразиялық экономикалық одақ Соты ұйымдастырған «ЕАЭО кеңістігінде заң үстемдігін қамтамасыз ету» тақырыбындағы VIII халықаралық конференция өтті. Конференцияға Одаққа мүше мемлекеттердің конституциялық соттары мен сот органдарының, монополияға қарсы және кедендік құрылымдардың өкілдері, ғылыми қауымдастық пен практик заңгерлер қатысты. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Әзімова, сондай-ақ судья Қанат Мусин мен Айжан Жатқанбаева конференция аясында сот органдарының қатысуымен өткен онлайн-диалогқа қатысты. Диалог барысында ұлттық сот және конституциялық бақылау органдарының тәжірибесінде ЕАЭО құқығын біркелкі қолдануды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Бұған дейін ЕАЭО құқығын қолдану мәселелері қазақстандық конституциялық бақылау органы тарапынан еліміздің конституциялық нормаларымен арақатынасы тұрғысынан қарастырылған болатын. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары мен ЕАЭО Соты арасындағы өзара іс-қимыл, оның ішінде түсіндірмелер (кеңес сипатындағы қорытындылар) алу және сот өндірістеріне қатысу тәртібі ЕАЭО-ны құру туралы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, ратификацияланған ЕАЭО Сотының Жарғысы негізінде және Қазақстан Республикасы Президентінің 12 тамыздағы №1037 Жарлығына сәйкес реттелген.

 

Евразия24 пікірі:

ЕАЭО соттарының мұндай кездесулері – құқық қолдану тәжірибесін біріздендіруге бағытталған жүйелі мәселелерді шешудің маңызды тетіктерінің бірі. Интеграция тереңдеп жатқанына қарамастан, әрбір ЕАЭО елі ЕАЭО Сотының шешімдерін және ЕАЭО туралы Шарт ережелерін өзінше түсіндіреді. Айта кетерлігі, ЕАЭО Сотының төрағасы Алексей Дронов «ЕАЭО құқығы мен оның органдары жүйесі туралы қоғамның хабар беру деңгейі өте төмен» екенін атап өтті. «Бұл – құқықтың дамуына және құқық қолдану тәжірибесіне жағымсыз әсер ететін шынайы жағдай», – деп келтіреді оның сөзін «Sputnik Беларусь» порталы. 2023 жылы Ресей Федерациясы Әділет университетінің халықаралық құқық кафедрасының беделді оқытушысы Павел Мысливский де осы тақырыпқа арналған ғылыми мақаласында  ЕАЭО Соты актілерінің орындалу барысына тоқталып: «Одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары атқарушы органның міндетті актілеріне аса достық ниет танытпайды» деп жазған болатын. Бұл жағдай халықаралық және ұлттық деңгейде – заң нормаларында да, тәжірибеде де – көрініс табады. ЕАЭО туралы Шарт бойынша Одақ құқығы мен Сот шешімдері тікелей қолданылуға тиіс болғанымен, іс жүзінде ұлттық соттар мен конституциялық бақылау органдары бұл нормаларды әрдайым басымдықпен қабылдай бермейді. Бұдан бөлек, ЕАЭО Сотының өкілеттігі де шектеулі: ол ұлттық заңнаманы автоматты түрде алмастыра алмайды. Сондай-ақ Сот шешімдерін әр мемлекетте мәжбүрлі түрде орындататын рәсім де қарастырылмаған. Яғни сотта жеңіп шыққан істердің өзі орындалмай қалуы әбден мүмкін. Осыған орай, ЕАЭО аясындағы ұлттық сот жүйелері мен құқық қорғау институттарына әлі де үлкен жұмыс атқару қажет. Сонда ғана ЕАЭО Сотын интеграциялық құрылым шеңберіндегі тиімді сот органына айналдыра аламыз.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.