Евразия24Еуразия патриоттарыКүн энергетикасының даму үдерісі мен сын-қатерлері

Күн энергетикасының даму үдерісі мен сын-қатерлері

|

|

Еуразия даму банкінің мәліметінше: «Күн энергетикасы Орталық Азиядағы энергетикалық көшіп-жаңару үдерісінің негізгі қозғаушы факторларының біріне айналуда. (…) Күн энергетикасының басты ерекшелігі – электр энергиясының ең көп көлемі күн белсенділігі жоғары болатын күндізгі уақытта өндіріледі. Таңертең, күн электр станцияларының (КЭС) жұмысы басталғанға дейін, энергия жүйесіндегі негізгі жүктемені дәстүрлі электр станциялары атқарады. Күндіз күн энергиясының үлесі күрт артқан кезде, өзге станциялар қуаттылығын төмендетуге немесе генерацияны тоқтатуға мәжбүр болады. Ал кешке, күн батқан уақытта, тұтыну деңгейі жоғары күйінде қалады да, жүйені теңгерімдеу үшін басқа қуат көздерін жедел іске қосу қажеттілігі туындайды. Жыл сайын бұл ауытқу амплитудасы ұлғайып, нәтижесінде «үйрек қисығы» графигі қалыптасады. Мұндай шұғыл әрі күрт өзгерістер энергия жүйесіне түсетін жүктемені арттырып, жалпы пайдалану шығындарының өсуіне әкеп соқтырады. (…) Бұл мәселе Орталық Азия өңірі үшін аса өзекті. Аймақ мемлекеттері алдағы 10 жылдық перспективада күн және жел электр станцияларын ауқымды түрде іске қосуды жоспарлап отыр. (…) Мұндағы басты қиындық – күн генерациясының ең жоғары шегі аймақтағы барлық елдерде бір уақытта орын алуы мүмкін. Орталық Азия елдеріндегі күн инсоляциясының (сәулелену деңгейінің) көрсеткіштері ұқсас. Егер барлық мемлекеттердің КЭС-тері белгілі бір сағаттарда бірдей максималды қуат өндіретін болса, онда артық электр энергиясын көршілес елдерге экспорттау мүмкіндігі шектеледі, себебі сол уақытта олардың өздерінде де дәл сондай профицит (артықшылық) байқалады».

Еуразия24 пікірі:

Еуразия даму банкі (ЕДБ) талдаушыларының пайымдауынша, еуразиялық кеңістікте күн генерациясының қарқынды дамуы өзіндік ерекшеліктермен сипатталады. Негізгі құрылымы қалыптасқан нарықтар үшін бұл графикті реттеу біршама жеңіл. Себебі оларда теңгерімдеуші және тәулікішілік нарықтар, қуат жинақтаушылар, сұранысты басқару тетіктері, икемді тарифтер, агрегаторлар мен цифрлық диспетчерлендіру жүйелері жолға қойылған. Ал Орталық Азия өңірінде бұл құралдар қазіргі уақытта тек қалыптасу сатысында тұр. Дегенмен, аталған бағыттағы алғашқы қадамдардың өзі елеулі ілгерілеушілік болып табылады. Тұтас бір аймақтың теориялық талқылау кезеңінен өтіп, «жасыл» архитектураны шынайы әрі ауқымды құру фазасына көшуі — барлық технологиялық көшбасшыларға тән заңды даму үдерісі. Ал күн инсоляциясының бір уақыттағы жоғары шегіне байланысты ортақ мәселенің туындауы Орталық Азия елдерін алшақтатпайды, керісінше, бірыңғай, үйлестірілген энергетикалық сақина құруға итермелейді. Осы орайда, аймақ мемлекеттерінің энергетика ведомстволары аталған бағытта тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр деп пайымдауға болады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Трамп Вашингтонда салтанатты арканы ұшқышсыз ұшу аппараттары мен снайперлерді орналастыру үшін пайдалануды жоспарлап отыр

Вашингтонда салынуы жоспарланып отырған салтанатты аркада әскери мақсаттағы жабдықтар орнатылады, деп мәлімдеді жексенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамп.

Чилидің экс-президенті Бачелет БҰҰ бас хатшысы қызметі үшін күрестен бас тартады

Чилидің бұрынғы президенті Мишель Бачелет БҰҰ бас хатшысы қызметі үшін күресті тоқтататынын мәлімдеді.

Трамп ЖИ бойынша арнайы құрылымдар құру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді

АҚШ Президенті Дональд Трамп бұл саланың одан әрі дамуына қатысты мәселелерді шешуге қатысу үшін «жасанды интеллект күштерін» — арнайы құрылым құратынын мәлімдеді.

КХДР шығыс бағытта тағы бір зымыран ұшырды

Оңтүстік Корея әскери қолбасшылығының деректеріне сілтеме жасай отырып «Ренхап» агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні КХДР армиясы Жапон теңізі бағытында тағы бір зымыран ұшырды.