Евразия24ЖаңалықтарТоқаев криптоактивтерді мүлік ретінде тануды және Алатауда олар үшін арнайы юрисдикция құруды...

Тоқаев криптоактивтерді мүлік ретінде тануды және Алатауда олар үшін арнайы юрисдикция құруды ұсынды

|

|

Астана. 2 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев криптоактивтерді мүлік ретінде заң жүзінде тануды және Алатауда цифрлық активтермен жасалатын операциялар мен капитал өсіміне нөлдік мөлшерлеме қолданылатын арнайы юрисдикция құруды ұсынды. Оның айтуынша, бұл елдің жаңа қаржы орталығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Алатау цифрлық активтерді жедел дамыту мен еліміздің жаңа қаржылық архитектурасын қалыптастырудың стратегиялық алаңына айналуы тиіс», – деді Тоқаев сейсенбі күні Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде.

Президенттің сөзін оның баспасөз қызметі таратты.

Мемлекет басшысы Алатауға әлемнің осы бөлігіндегі алғашқы криптоқала ретінде ерекше мән беріліп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл бағытты дамыту үшін артық әкімшілік кедергілерді қысқа мерзімде жойып, жаңа қаржылық құралдарды іске қосу қажет.

«Криптоактивтерді мүлік ретінде тану арқылы цифрлық активтердің нақты құқықтық мәртебесін бекіту қажет. Бұл жүйеде цифрлық теңге ерекше рөл атқарады. Халықаралық танымал қаржы орталықтарымен табысты бәсекелесу үшін Алатауда тиісті құқықтық жағдай жасалуы керек. Оның ішінде цифрлық активтермен жасалатын операциялар мен юрисдикция шеңберіндегі капитал өсіміне нөлдік салық мөлшерлемесін енгізу маңызды», – деді Президент.

Ол сондай-ақ экономиканың нақты секторын, соның ішінде жылжымайтын мүлікті, инфрақұрылым нысандары мен шикізат активтерін токенизациялау жобаларын практикалық тұрғыда жедел іске асыру қажеттігін айтты. Бұл цифрлық қаржы құралдарының тұрақты әрі сұранысқа ие нарығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Сонымен бірге цифрлық сәйкестендіру мен транзакцияларды ашық бақылау негізінде қауіпсіздік пен инвестициялық тартымдылық арасындағы теңгерімді қамтамасыз ететін бақылау жүйесін іске қосу қажет. Яғни, сөз еліміздің сапалық тұрғыдан жаңа даму кезеңіне өтуі туралы болып отыр. Белгілі бір дәрежеде біз қаржы жүйесін дамыту мен елді трансформациялау саласында революциялық өзгерістер жасап жатырмыз», – деп түйіндеді Тоқаев.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.