Қоғам

Мұғалім еңбек дауын сотта жеңіп, қызметіне қайта оралды

Оқиға Жамбыл облысында болған. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі лицейде 10 жыл жұмыс істеген. 2025 жылдың қаңтарынан бастап оған директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының міндеті де жүктелген. 2026 жылы сәуірде мұғалім жұмыстан шығарылған. Ол бұл шешіммен келіспей, қызметіне қайта орналасу, жұмыссыз қалған уақыттағы жалақысын және моральдық зиян өтемін өндіру туралы талаппен сотқа жүгінген.

Қазақстандықтар ауыз судың текше метріне 5,5 мың теңге төлеген

Денисов ауданы прокуратурасының қабылдаған шараларының нәтижесінде Глебовка ауылының тұрғындары үшін ауыз судың бір текше метрінің бағасы 45 еседен астам төмендеп, 5 520,59 теңгеден 116 теңгеге дейін арзандады. Бұған дейін тарифтің жоғары болуы ауыл тұрғындарына да, кәсіпкерлерге де едәуір қаржылық салмақ түсірген. Заңнамада ауыз су құнын субсидиялау көзделгеніне қарамастан, Глебовка ауылындағы сумен жабдықтау тарифін төмендету жөніндегі шаралар дер кезінде қабылданбаған. 

Әйелдің саясаттағы орны қандай?

Сәуле Сағади депутаттыққа әйел болған соң ғана ұсынылып отыр. Ол – Астанадағы Re.Women әйелдер қауымдастығының төрайымы. eurasia24.media редакциясының әйелдер қауымы кандидаттың Құрылтайға қандай бастамамен бара жатқанын, әйелдердің атынан қандай мәселе көтермек екенін түсінуге тырысты. Алайда нақты жауап таба алмады. Бұған редакцияны кінәлау да қиын: кандидаттың өзі де Парламентке не үшін бара жатқанын анық жеткізе алмады.

Экранға телмірген ұрпақ білімнің бағасын жоғалтып алмай ма?

«Білім – таусылмайтын қазына» дейді халқымыз. Расында, адамға өмір бойы серік болатын ең үлкен байлық – білім. Ол ешқашан құнын жоғалтпайды, керісінше, иесін биік белестерге жетелейді. Алайда бүгінгі цифрлық дәуірде осы асыл құндылықтың бағасын жете түсінбей келе жатқан жастардың қатары көбейіп бара жатқандай. Бұл – тек бір отбасының немесе бір мектептің емес, тұтас қоғамды алаңдатарлық мәселе.

Палата орнына контейнер: онкологиялық науқастар қандай жағдайда ем алып жүр?

«Алматы облыстық онкологиялық орталығында аурухана палаталарының орнына контейнерлер пайдаланылып отыр. Тағы бір еске сала кетейік, жыл сайын «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-на халықтың жүздеген миллиард теңге қаражаты түседі».