Евразия24Не болдыӘкімшілік қамауға түскен жұлдыздар

Әкімшілік қамауға түскен жұлдыздар

|

|

Елімізге танымал тұлғалардың қоғамдағы мінез-құлқына қатысты жағымсыз жағдайлар әлі де кездеседі. Жуырда бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Астана көшелерінде мас күйінде көлік басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Ол өзінің Toyota Land Cruiser автокөлігімен үш жол-көлік оқиғасын жасаған. Алдымен жерасты автотұрағы қақпасының тірегін соққан, кейін екі автокөлікпен соқтығысқан. Соққының салдарынан Kia Sportage көлігі Toyota Hilux автокөлігіне барып соғылған. Оқиғалардың нәтижесінде көліктерге материалдық залал келтірілген.

Медициналық куәландыру нәтижесінде жүргізушінің мас күйінде болғаны анықталды. Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот Данияр Елеусіновке 20 тәулік әкімшілік қамаққа алу және көлік құралын басқару құқығынан жеті жылға айыру жазасын тағайындады.

Оқиғаға қатысты бейнежазба да әлеуметтік желілерде жарияланды.

Айта кету керек, қоғамға танымал тұлғалардың заң талаптарын бұзуы сияқты жағдайлар бұған дейін де орын алған.

2023 жылдың жазында қазақстандық эстрада әншісі Төреғали Төреәлі Алматыда бірнеше құқық бұзушылық жасаған. Ол есірткілік масаң күйде көлік жүргізіп, жол қозғалысына қатысушыларға агрессия танытқан, ал ұсталған кезде полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, балағат сөздер айтқан. Сот оған 20 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындап, көлік құралын басқару құқығынан жеті жылға айырды. Кейін билік өкілдерін қорлағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Сол 2023 жылы бокстан әлемнің бұрынғы чемпионы Бейбіт Шүменов те ел назарын спорттық жетістігімен емес, құқықтық оқиғамен аударды. Астанадағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде ол қолында баласы бар ер адамды көпшіліктің көзінше соққыға жыққан. Бұл оқиға әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып, құқық қорғау органдарының істі бастапқы кезеңде тіркеуге асықпауы қоғамның сынына ұшырады. Кейін Бейбіт Шүменовке бұзақылық бабы бойынша айып тағылғанымен, іс 2024 жылдың мамырында тоқтатылып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ.

2024 жылдың шілде айында қазақстандық әнші Қайрат Нұртас ұшақ бортында досы Асылбек Бекқайыровпен жанжалдасып, төбелес шығарған. Сот екеуін де ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Қайрат Нұртас 15 тәулікке, ал Асылбек Бекқайыров 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Бүгінде Олимпиада чемпионы атағы немесе елге танымал болу заң алдында артықшылық бермейтінін осындай оқиғалар айқын көрсетіп отыр. Соңғы жылдары соттар құқық бұзушылыққа жол берген тұлғалардың қоғамдағы мәртебесіне қарамастан, заң талаптарын бірдей қолдануға ұмтылып келеді. Сондықтан танымал спортшылар мен өнер адамдары үшін қоғамдық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті сақтау бұрынғыдан да маңызды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Шымкентте 46 мың оқушы жаңа оқулықпен қамтамасыз етілді

Шымкентте прокуратураның араласуынан кейін 46 мыңнан астам оқушы оқулықпен қамтамасыз етілді. «Тексеру барысында қаладағы мемлекеттік мектептерге 170 мыңнан астам оқулық жетіспейтіні анықталды.

Үкімет 2027 жылдан бастап әлеуметтік көмек берудің жаңа тәртібін бекітті

Қазақстан Үкіметі атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері мен оны тағайындау шарттарын, сондай-ақ азаматтың мұндай көмекке мұқтаж емес екенін анықтау өлшемшарттарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылы 19 қазанда қол қойды. Құжат Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес қабылданған және 2027 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Ларри Джонсон және Америка

«Купол юрты» арнасының платформасында АҚШ Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) бұрынғы қызметкері Ларри Джонсонның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде сөйлеген сөзі жарияланды. Оның бұл мінберден сөз сөйлеуінің өзі көп нәрсені аңғартады. Джонсонның өз айтуынша, ол кезінде КСРО-ға қарсы ақпараттық операцияларға тікелей қатысқан. Бұл салада мол тәжірибе жинақтап, ақпараттық соғыстың қалай жүргізілетінін жақсы меңгерген.

Қазақстанда тағы бір қылмыскерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілді

Павлодар облысында кәмелетке толмаған апалы-сіңлілі екі қызды зорлап, оларға АИТВ жұқтырған ер адамға сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген ең ауыр жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.