Евразия24Не болдыҚауіпсіздігі сын көтермейтін демалыс орындары

Қауіпсіздігі сын көтермейтін демалыс орындары

|

|

Көпшіліктің сүйікті демалыс орындарының бірі – Алакөлде екі күннің ішінде адам шошырлық екі оқиға болды. 16 шілдеде шағын жүзу құралы 69 жастағы әйелді қағып кетіп, салдарынан ол екі аяғынан айырылды. Ал 17 шілдеде көлде екі гидроцикл соқтығысып, бір адам қаза тапса, тағы бір адам ауыр жарақат алды. Екі оқиға бойынша да полиция тергеу жүргізіп жатыр. Алайда бұл – болған жағдайдың салдарын жою ғана. Ал мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу мәселесі әлі де назардан тыс қалып отыр.

Бұл Қазақстандағы курорттық аймақтарда судағы қозғалысты ұйымдастыру жүйесінің күрделі мәселесін көрсетеді. Демалушылар мен әртүрлі жүзу құралдары бір аймақта қатар жүреді, бірақ оған тосқауыл қоятын тиімді бақылау жоқ. Ал әлемнің көптеген танымал курорттарында шомылуға арналған аумақ арнайы қалқымалы белгілермен қоршалады. Сол аймаққа катерлер мен гидроциклдердің кіруіне қатаң тыйым салынып, талапты бұзғандарға қатаң жаза қолданылады.

Ал Қазақстанда Алакөлде де, Қапшағайда да гидроциклдер мен катерлер жағалау бойымен жүйткіп жүреді. Оның үстіне кейбірі демалушыларды «банан» мен «диван» секілді сүйретпе аттракциондарға отырғызып, сапасына күмән келтіретін құтқару кеудешелерімен суға шығарады.

Алакөлдегі қайғылы оқиғалардан кейін «катер иелеріне қауіпсіздік талаптары тағы бір мәрте түсіндірілді» деген хабарламалар жұртқа жұбаныш бола алмайды. Өйткені жалға беру қызметінен түсетін жылдам табыс бірінші орынға шыққан жерде ескерту, жадынама мен ауызша түсіндірудің тиімділігі шамалы.

Төтенше жағдайлар қызметі мен полицияның тұрақты су патрульдері қайда? Лицензиясыз жұмыс істейтін жүзу құралдары неге тоқтатылмайды? Ереже бұзғандарға қолданылатын шара кезекті түсіндірумен немесе мардымсыз айыппұлмен ғана шектелетін болса, Қазақстандағы ең танымал демалыс орындарындағы тынығу әлі де қауіп-қатерге толы бола бермек.

Айта кетерлігі, Алакөлдегі демалыс базаларының иелері мемлекетке бірнеше рет жүгініп, судағы қауіпсіздікті күшейтуді, қоғамдық орындардағы әжетханалар мен қоқыс мәселесін шешуді сұраған. Соған қарамастан судағы ойын-сауық қызметі әлі күнге дейін табысы жоғары, бірақ жауапкершілігі төмен реттелмеген салалардың бірі болып қалып отыр.

Қазір Алакөлдегі жағдай қатаң бақылауға алынғаны хабарланды. Алайда бұл бақылау қанша уақытқа созылады? Тек 2026 жылғы шомылу маусымы аяқталғанша ма, әлде келесі жылы да жалғасын таба ма? Себебі Премьер-министр Олжас Бектенов туризмді дамытуға арналған Үкімет отырыстарында шетелдік туристерді тарту үшін қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін жыл сайын көтеріп келеді. Қазақстанға келетін қонақтар демалыс орны өмірге қауіп төндіретін емес, қауіпсіз әрі жайлы болуы тиіс деп күтеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Экспорттың қарқынды өсуі ішкі нарыққа қалай әсер етеді?

Сауда және интеграция министрлігі  ерекше жаңалық жариялады. Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы сегіз айында Қазақстан экспорты рекордтық қарқынмен өсіп, өсім көрсеткіші импорттан төрт еседен астам жоғары болған. Бұл өсімге негізінен агроөнеркәсіп кешені серпін берген. Күнбағыс майы, астық, ұн және зығыр экспорты бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен. Алайда дүкен сөрелеріне көз салсақ, аталған өнімдердің шетелден әкелінген түрлері де аз емес. Алайда отандық азық-түліктің шетелге көптеп шығарылуы ішкі нарықта тапшылық тудырып, бағаның негізсіз қымбаттауына және импорттық өнімдердің көбеюіне әкеліп соқпай ма? Оның үстіне, мемлекет соңғы екі жылдан бері азық-түлік инфляциясын тежеу шараларын белсенді түрде жүргізіп келеді. Ұлттық статистика бюросы,

Қазақстан ШЫҰ отырысында бірқатар бастама көтерді

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдерді сауда байланыстарын нығайтуға, көлік дәліздерін дамытуға және цифрлық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды. Бұл бастамалар Душанбеде өткен ШЫҰ Үкімет басшылары кеңесінің отырысында ұсынылды.

Жасөспірімдерге төнген қауіп: экстремистік ағымдардың арбау тәсілдері

Жасөспірімді теріс ағымға тарту үшін міндетті түрде агрессивті ұрандар қолданылмайды. Бәрі бір қарағанда еш күдік тудырмайтын орман көрінісінен, жаттығу туралы бейнероликтен, дұрыс тамақтану жөніндегі кеңестен немесе ежелгі дәстүрлер жайлы материалдан басталуы мүмкін.

Есірткі ісі бойынша ұсталған Navai Қазақстаннан шығарылды

Бір апта бұрын біз Жамбыл облысында ресейлік рэпер Наваи Бакировтың есірткі заттарын заңсыз тасымалдауға және сақтауға қатысы бар деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған едік. Алайда істің соңы біз күтпеген бағытта өрбіді.