Евразия24Не болдыЖалған мәлімдеме қылмыстық іске ұласты

Жалған мәлімдеме қылмыстық іске ұласты

|

|

Көрші ел азаматының Қазақстанның беделіне нұқсан келтіру әрекеті сәтсіз аяқталды.«Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ер адам Қазақстан азаматтығын сыбайлас жемқорлықтың және жергілікті халықтың қонақжайлығының арқасында еш қиындықсыз алғанын мәлімдеген. Бұл жайтқа құзырлы органдар құқықтық баға беріп, барлық мән-жайды анықтайды деп сенеміз. Пікір қалдырған қазақстандықтар ер адамның сөзін мұқият тексеруді және оған берілген азаматтықты жоюды талап етті», – деп хабарлайды Zakon.kz.

Басылымның мәліметінше, Қазақстанның Ішкі істер министрлігі бейнеролик авторының жеке басын жедел анықтаған.

«Ол көршілес мемлекеттің азаматы болып шықты. Тексеру нәтижесінде оның Қазақстан азаматтығын сатып алғаны туралы таратқан мәліметі шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды», – деп деп ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді .

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдарын Қазақстан мен көрші мемлекеттің құқық қорғау органдары бірлесіп жүргізіп жатыр.

Егер бейнеролик авторы шынында да басқа мемлекеттің азаматы болып, сол елдің аумағында жүрген болса, істің құқықтық салдары құқықтық саралауға және құқық бұзушылықтың нақты қай жерде жасалғанына байланысты болады.

Бейнеролик авторы жауапкершілікке тартыла ма?

Егер ол басқа мемлекеттің азаматы болса, бұл оның Қазақстанға автоматты түрде берілетінін білдірмейді. Халықаралық тәжірибеде мемлекеттер өз азаматтарының басқа елдердің мүддесіне нұқсан келтірген әрекеттері үшін, егер ұлттық заңнамасы мүмкіндік берсе, қылмыстық қудалауды өздері жүзеге асырады. Ал күдіктіні іс қаралатын мемлекетке беру халықаралық шарттар мен белгіленген құқықтық рәсімдер негізінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Миллиардтық табысқа тосқауыл

Электр энергетикасы саласында қызық жағдай қалыптасты. Белгілі іскерлік басылымдардың бірінде «Қазақстан электр энергиясы нарығындағы миллиардтаған табыс көзін жапты» деген сенсациялық тақырыппен жарияланған материал оқырман назарына іліге салысымен, көп ұзамай сайттан ғайып болды. Ешқашан жарияланбағандай әсер қалдырды.

Теңіздегі геосаяси текетірес

Еуропа ресейлік мұнай тасымалдайтын танкерлерге қатысты жүктерді тәркілеуді заңдастырды. Кремль бұл мәселеде жағдайдың одан әрі ушығуына жол бермеуге барынша тырысып келеді. Алайда мұның да шегі бар. Егер Еуроодақ пен Ұлыбритания Ресейдің «көлеңкелі флотына» тиесілі танкерлердің жүктерін тәркілеуді күшейтсе, Мәскеудің күш қолдану арқылы жауап беруден өзге амалы қалмайды. Мұндай жағдайда барған сайын күшейіп келе жатқан теңіздегі текетірес жаңа кезеңге өтіп, оның салдары Еуропа жағалауларына да жетуі мүмкін.

Қазақстандағы инвесторларға кедергі келтіретін жүйелі мәселелер белгілі болдч

Қажеттілік бар жерде елді мекендердің шекарасын кеңейтіп, индустриялық аймақтарды алдын ала дайындап, оларды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік жеткілікті.

«Әділет» – Жаңа Қазақстанның жетекші саяси күші

«Шынайы болыңдар – мүмкін еместі талап етіңдер!» Расында да, әдемі айтылған сөз. Бұл ұран 1968 жылғы студенттік толқулар кезінде Францияның ғана емес, бүкіл Еуропаның зияткерлік орталығы саналған Сорбонна университетінің қабырғасында пайда болған деседі. Көп ұзамай мүмкін емес көрінген оқиға да шындыққа айналды: Маршалл жоспары аясында жиналған америкалық долларларды Форт-Нокстағы алтынға айырбастауға тәуекел еткен президент Шарль де Голль қызметінен кетті. Әрине, бұл – тарихтағы бірегей мысал. Өйткені мүмкін еместі талап етіп қана қоймай, оған жету кез келгеннің қолынан келе бермейді. Осы тұрғыдан алғанда, «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасы қаншалықты жүзеге асады деген сұрақ туындайды. Бағдарламаның мазмұнымен танысқанда-ақ оның нақты ұстанымы мен ауқымды мақсаттары назар аударады. Егер партия мәлімдеген бастамаларын жаңа Құрылтай аясында іске асыра алса, бұл оның сайлау алдындағы негізгі сынағына айналары сөзсіз.