Анталия дипломатиялық форумы аясындағы панельдік сессияға Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуы айрықша мәнге ие болды. Президент көпполярлы әлемді қалыптастырудың қазіргі үдерістеріне қатысты бірқатар маңызды мәселелер бойынша пікір білдірді.
Еурокомиссияның (ЕК) үйлестіру тобы жүргізіп отырған тұрақты мониторинг деректері қазіргі уақытта Еуропалық Одақта авиациялық отын тапшылығын көрсетіп отырған жоқ, деп мәлімдеді ЕК ресми өкілі Анна-Кайса Итконен.
Өткен жылы елдің номиналды ЖІӨ 119 трлн теңгеден 137 трлн теңгеге дейін өсіп, 15%-ға артты. Инфляцияны алыптастағанда, нақты өсім 4,8% деңгейінде болды. Ал М3 көрсеткішімен өлшенетін ақша массасы 19,2%-ға ұлғайып, 2023 жылдың соңындағы 38 трлн теңгеден 45 трлн теңгеге жетті. Яғни бір жылда 7 трлн теңгеге көбейген. Бұл– айтарлықтай үлкен көрсеткіш. Ақша көлемінің артуы ішкі өндірістен озған жағдайда инфляция үдейді. Сұраныс көбейіп, ұсыныс ілесе алмаған кездеішкі нарықтағы баға өсіп, тұтынушылар импортқа көше бастайды.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, Еуразиялық экономикалық одақтың (ҚХР, Өзбекстан Республикасы, Түрікменстан) сыртқы шекараларында биыл 9 өткізу пунктін жаңғырту жоспарланған. Қазіргі таңда оның төртеуі – Капланбек, Атамекен, Қолжат және Алакөл пункттері пайдалануға берілді. Қалған бес өткізу бекетінің жаңғыртужұмыстары жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Жоспардан тыс «Жібек жолы» жолаушылар өткізу пунктінде де жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2026 жылдың бірінші жартысында толық аяқталады деп күтілуде.
«NCOC 2,3 трлн теңгеге (4,2 млрд доллар) экологиялық дауда жеңіске жетті. Апелляциялық соттың шешімі – күкіртті басқару бойынша NCOC компаниясының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ қолданыстағы стандарттар мен озық тәжірибелерге толық сәйкес жүзеге асырылғанын растайды. Біз бұл шешімді құптаймыз», – делінген NCOC операторы мен серіктестерінің бірлескен мәлімдемесінде. Еске сала кетсек, Қазақстан Кашаган кен орнын игеруге қатысушы компанияларға 2,3 трлн теңге көлемінде айыппұл салуға тырысқан болатын.
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаменті директорының орынбасары Аскат Бековтың мәліметінше, қазіргі таңда Ресей Федерациясында тұтынушыларға арналған «Честный знак» мобильді қосымшасы қолданыста. «Аталған қосымша арқылы тұтынушы QR-кодты сканерлеп, тауар жөнінде толық ақпарат ала алады. Одаққа мүше өзге мемлекеттерде де осыған ұқсас сервистерді әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді ол.
Президентке қаланың полицентрлік бағытта дамуы жөнінде баяндалды. Мұндай тәсіл орталық аудандарға түсетін жүктемені азайтып, қалалық инфрақұрылымды теңдей бөлуге және жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Көліктік қаңқаны қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев қала құрылысы саласына қатысты бірқатар тапсырма берді.
Еурокомиссияның (ЕК) үйлестіру тобы жүргізіп отырған тұрақты мониторинг деректері қазіргі уақытта Еуропалық Одақта авиациялық отын тапшылығын көрсетіп отырған жоқ, деп мәлімдеді ЕК ресми өкілі Анна-Кайса Итконен.