Анталия дипломатиялық форумы аясындағы панельдік сессияға Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуы айрықша мәнге ие болды. Президент көпполярлы әлемді қалыптастырудың қазіргі үдерістеріне қатысты бірқатар маңызды мәселелер бойынша пікір білдірді.
Еурокомиссияның (ЕК) үйлестіру тобы жүргізіп отырған тұрақты мониторинг деректері қазіргі уақытта Еуропалық Одақта авиациялық отын тапшылығын көрсетіп отырған жоқ, деп мәлімдеді ЕК ресми өкілі Анна-Кайса Итконен.
Жоғары деңгейдегі саяси диалогтың арқасында екі ел арасындағы қарым-қатынас жаңа сапалық деңгейге көтеріледі деп сенемін. Қазақ пен қырғыз – ортақ тарих пен тағдыр тоғыстырған бауырлас халықтар. Екі ел де қиын-қыстау кезеңдерде де, қуанышты сәттерде де әрқашан бір-біріне қолдау көрсетіп келді. Уақыт сынынан сүрінбей өткен достығымыз – ата-бабаларымыз аманаттаған, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын рухани мұра. Бүгінде қос халықтың қарым-қатынасы өзара сенім мен құрметке негізделген, мызғымас серіктестікке ұласты.
“Қазақстан Даму Банкі” АҚ 2028 жылға дейінгі даму жоспарында қарыз алу саясатының ашықтығы мен болжамдылығын арттыру бойынша шаралар қабылдады. Аталған жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша жүргізілді. Биыл Жоғары аудиторлық палата “Бәйтерек” ұлттық басқарушы холдингі” АҚ мен оның еншілес ұйымдарында қарызды басқару тиімділігін тексерді. Нәтижесінде, “ҚДБ” АҚ-ның қарыз алу саясатының стратегиялық бағыттары даму жоспарында толық көрініс таппағаны анықталды.
Мемлекет басшысы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады. Ол кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуына байланысты түскен 3 275 өтініштің ішінен 1 759-ы (53,7%) бойынша оң шешім қабылданғанын мәлімдеді. Бизнес үшін алдын алынған шығынның жалпы көлемі 20 млрд теңгеден асты. Жалпы алғанда, өтініштер саны 12%-ға төмендеді, бұл әкімшілік әділет институтының тиімділігімен байланысты.
2025 жылғы 8 тамызда Алматы облысы Жамбыл ауданының Үлкен кентінде АЭС салу жобасы аясындағы алғашқы жұмыстар басталды – атом электр станциясының ірі қуатты нысанын салуға арналған оңтайлы алаңды таңдау және жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау мақсатында инженерлік іздестірулер жүргізілуде. «Үлкен кентінде инженерлік іздестіру жұмыстарының басталуы – қазіргі Қазақстан тарихындағы қуаты жоғары алғашқы атом электр станциясына апарар жолдың бастауы.
Ресей мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық пен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграцияның қазіргі нәтижелері қанағаттанарлық екені анық. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 28 миллиард доллардан асты. 2024 жылы Ресей Қазақстандағы шетелдік инвесторлар арасында алғашқы орынға шықты. Бейресми деректерге сәйкес, Ресейдің Қазақстан экономикасына салған жиынтық инвестиция көлемі шамамен 56 млрд АҚШ долларын құрайды.
Еурокомиссияның (ЕК) үйлестіру тобы жүргізіп отырған тұрақты мониторинг деректері қазіргі уақытта Еуропалық Одақта авиациялық отын тапшылығын көрсетіп отырған жоқ, деп мәлімдеді ЕК ресми өкілі Анна-Кайса Итконен.