Евразия24СаясатТоқаев: Бизнеске қорғау шараларын күшейту қажет

Тоқаев: Бизнеске қорғау шараларын күшейту қажет

|

|

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі хабарлайды: «Мемлекет басшысы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады. Ол кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуына байланысты түскен 3 275 өтініштің ішінен 1 759-ы (53,7%) бойынша оң шешім қабылданғанын мәлімдеді. Бизнес үшін алдын алынған шығынның жалпы көлемі 20 млрд теңгеден асты. Жалпы алғанда, өтініштер саны 12%-ға төмендеді, бұл әкімшілік әділет институтының тиімділігімен байланысты. Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау шараларын оданәрі күшейтудің маңыздылығын атап өтіп, Кәсіпкерлікті қорғау стратегиясын іске асыру аясында жүйелі мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар тапсырма берді».

Евразия24 пікірі:

Қазақстанда бизнес-омбудсмен институты 2016 жылы 19 ақпанда құрылған. Яғни, алдағы уақытта бұл құрылымның құрылғанына 10 жыл толмақ. Ең маңыздысы – бизнес-омбудсмен институтын құру жөніндегі бастаманы бизнес қауымдастықтың өзі ұсынды. Өйткені жергілікті деңгейде жобаларды қасақана созбалаңға салған лауазымды тұлғалармен күрес көбіне нәтиже бермей, басталмай жатып сәтсіз аяқталатын. Бизнес-омбудсмен институтынан бөлек, қазіргі уақытта әкімшілік әділет жүйесі де кәсіпкерлердің мемлекетпен сот дауларында айтарлықтай қолдау көрсетіп келеді. Алайда Қанат Нұровтың Президентке ұсынған қысқаша есебінен ел аумағында кәсіпкерлердің құқықтары 1 759 жағдайда нақты кім бұзғанын анықтау мүмкін емес. Әрбір заң бұзушылықтың артында нақты тұлғаның аты-жөні мен лауазымы тұр. Бұл ақпаратты жарияламау орынсыз, өйткені қоғамдық айыптау болашақтағы құқық бұзушылықтардың алдын алуда тиімді құрал екені тәжірибеде дәлелденген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

UKMTO Катар жағалауында жүк кемесіне снаряд тигенін хабарлады

Парсы шығанағындағы жүк кемесі Катар маңында шабуылға ұшырады. Бұл туралы Ұлыбританияның Теңіз сауда тасымалы басқармасы (UKMTO) мәлімдеді.

Сирияда кадрлық өзгерістер жүргізілді

Сирия президенті Ахмед аш-Шараа ел басшылығында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады. Атап айтқанда, ол өзінің бауыры Махер аш-Шарааны президент әкімшілігінің жетекшісі қызметінен босатты.

Еревандағы мәлімдемелер Мәскеудің сынына ұшырады

Ереванда өткен «Армения – Еуроодақ» саммиті қалыпты құбылыс, Армения мұндай іс-шараларды өткізуге құқылы. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Ирандық БАҚ-тың хабарлауынша, Катар маңында атқыланған кеме АҚШ-қа тиесілі

Жексенбі күні Катар жағалауына жақын маңда атқылауға ұшыраған кеме Америка Құрама Штаттарына тиесілі. Бұл туралы ирандық БАҚ мәлімдеп отыр.