Анталия дипломатиялық форумы аясындағы панельдік сессияға Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуы айрықша мәнге ие болды. Президент көпполярлы әлемді қалыптастырудың қазіргі үдерістеріне қатысты бірқатар маңызды мәселелер бойынша пікір білдірді.
Еурокомиссияның (ЕК) үйлестіру тобы жүргізіп отырған тұрақты мониторинг деректері қазіргі уақытта Еуропалық Одақта авиациялық отын тапшылығын көрсетіп отырған жоқ, деп мәлімдеді ЕК ресми өкілі Анна-Кайса Итконен.
Батыс Қазақстан облысындағы Сатымола кен орнында калий тұздарын өндіретін өндірістік кешеннің құрылысы 1,1 трлн теңге көлеміндегі инвестициямен жүзеге асады. Жобаның іске қосылуы бірнеше кезеңге бөлінген: алғашқы өндіріс 2027 жылы, кейінгі кезеңдер 2030 және 2035 жылдары іске қосылады. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, бекітілген. Сонымен қатар, инвесторлар өз қаражаты есебінен сумен жабдықтау, газбен қамту, газ құбыры мен электр желілерін тартуды да өз мойнына алған.
Сұхбаттың басты кейіпкері — Гүляим Өзіншевская: 27 жыл шетелде өмір сүрген, радикалды оңшыл-консервативтік көзқарастағы қазақ әйелі. YouTubeролик сипаттамасында оның Қазақстандағы қалыптасқан түсініктерге қарсышығып, елге аристократиялық мәдени элита қажет екенін алға тартатыны айтылады. Гүляим мен Рахим сұхбатта элитаны тек байлық пен тектен емес, мәдениет пен жауапкершілікке негізделіп, өнеге бола алатын, қызғаныш тудырмайтын ұлттық бағыттағы жаңа элитаның формуласын іздейді.
2025 жылдың көктемінде өзбекстандық белгілі әншінің велосипедпен аттанған сапары көрші елдердің назарын өзіне аударды. Өнер иесі әр қалаға аялдай келе, жергілікті сахналарда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналғантегін концерт қойып, тыңдарманға рух сыйлады. 67 жастағы әншінің негізгі мақсаты – 9 мамырға дейін Мәскеуге жетіп, Қызыл алаңда болу еді. Жоспарын ойдағыдай орындап, Жеңіс Парадына арнайы шақырту алды.
Егер 2022 жылы болжаушылар сегіз макрорегионды көрсе, қазір олардыңсаны төртеу ғана. Мүмкін, тағы біреуі бар шығар, бірақ ол әзірге белгісіз. Төртеу дегеніміз – Монро доктринасын ұстанатын АҚШ, Қытай империясы, өз шекаралары мен оған жақын орналасқан мемлекеттерді қамтитын ықпалаймағын сақтап қалуға ұмтылып отырған Ресей. Ал төртіншісі – Түркия. Ең қызығы, 2022 жылы Түркия бұл тізімде сегізінші орында болған, ал қазір, үшінші орында шығар. Қалай болғанда да, осы уақыт ішінде Ресей өзге саяси мақсаттарына Түркияға қарағанда азырақ ілгеріледі.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің ТМД елдері бойынша Бірінші департаментінің Еуразиялық экономикалық интеграция бөлімі Еуразиялық экономикалық комиссияның Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаментінің директоры Владимир Синкевичтің ЕАЭО шеңберінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі бірлескен жұмысқа қатысты пікірін жариялады.
Еурокомиссияның (ЕК) үйлестіру тобы жүргізіп отырған тұрақты мониторинг деректері қазіргі уақытта Еуропалық Одақта авиациялық отын тапшылығын көрсетіп отырған жоқ, деп мәлімдеді ЕК ресми өкілі Анна-Кайса Итконен.