Тег: Олжас Бектенов

Тоқаев Сауд Арабиясының тақ мұрагеріне қазақстандықтарды эвакуациялауға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагері Мухаммед бен Салман Әл Сауд Қазақстан азаматтарын елге эвакуациялауға көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.

Дубайдағы мүлік дауы: депутат Бас прокуратураға жүгінбек

Қазіргі қоғамдық пікірдің назарында бюджет тапшылығы мен әлеуметтік мәселелер тұр. Сондықтан Дубайдағы элиталық жылжымайтын мүлік қоғамда белгілі бір қайшылық тудырып, әлеуметтік теңсіздіктің белгісі ретінде қабылдануы мүмкін.

Көлік саласындағы интеграция және цифрлық үйлестіру

Ресми хабарламада бұл жаңалық нақты деректерсіз берілгендіктен, белгілі бір сұрақтар туындауы заңды. Алайда олардың жауабы шын мәнінде бұрыннан белгілі. Негізінде, ЕЭК пен ТМД-ның Көлік үйлестіру кеңесі өкілдерінің кездесуі – ішінара бір-бірімен тоғысатын екі интеграциялық құрылымның жұмысын үйлестіруге бағытталған қадам.

Ұлттық қорды басқарудағы жаңа үрдіс

Жағымды жаңалықтардың да болғаны маңызды. Әсіресе Ұлттық қордың көлемі 2029 жылға қарай 100 млрд долларға жетуі тиіс екені айтылғанда, бюджет тәртібінің қалыптасуы туралы сөз қозғауға негіз бар.

Премьер-министр кеден жұмысына сын айтты

Қаржы министрлігінің мәліметінше, Еуразиялық экономикалық одақтың (ҚХР, Өзбекстан Республикасы, Түрікменстан) сыртқы шекараларында биыл 9 өткізу пунктін жаңғырту жоспарланған. Қазіргі таңда оның төртеуі – Капланбек, Атамекен, Қолжат және Алакөл пункттері пайдалануға берілді. Қалған бес өткізу бекетінің жаңғыртужұмыстары жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Жоспардан тыс «Жібек жолы» жолаушылар өткізу пунктінде де жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2026 жылдың бірінші жартысында толық аяқталады деп күтілуде.

QR-кодсыз өнімге орын жоқ

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаменті директорының орынбасары Аскат Бековтың мәліметінше, қазіргі таңда Ресей Федерациясында тұтынушыларға арналған «Честный знак» мобильді қосымшасы қолданыста. «Аталған қосымша арқылы тұтынушы QR-кодты сканерлеп, тауар жөнінде толық ақпарат ала алады. Одаққа мүше өзге мемлекеттерде де осыған ұқсас сервистерді әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді ол.

Жүйесіз жоспарлау мен жалған есеп: «Жаңа Қазақстандағы» ескі мәселелер

Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) 2024 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы Үкімет есебіне жасаған қорытындысында елдің жалпы экономикалық көрсеткіштерімен қатар, халық үшінжүзеге асырылып жатқан үш ұлттық жобаның орындалу барысына арнайы тоқталды. Олар – «Жайлы мектеп», «Ауылдық денсаулық сақтаудыжаңғырту» және «Қолжетімді интернет» жобалары. Соңғысы 2027 жылға дейін жоспарланғандықтан, әзірге алғашқы екі жобаға жеке назар аударамыз. 2025 жылы 14 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдағанболатын. Сол кездесуде Президентке «Жайлы мектеп» ұлттық жобасыныңорындалуы жөнінде қысқаша ақпарат берілді: «Қазіргі уақытта 106 мектептіңқұрылысы аяқталды, жыл соңына дейін тағы 102 мектеп салынбақ». Бәрі жоспарға сай жүріп жатқандай көрінеді.

Қазақстан байып барады, бірақ халқы ше?

«Экономикалық өсімнің халықтың нақты табысына “сіңуі” шекті сипатқа ие екені анықталды. Яғни, халықтың ең кедей 10 пайызының табысы тек жылдық жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсімі 3,35%-тен асқан жағдайда ғана тұрақты түрде өсетінін көрсетеді. Ал бұдан төмен көрсеткіштер кезінде макроэкономикалық өсім олардың табысына статистикалық тұрғыда елеулі ықпал етпейді. Сонымен қатар халықтың ең бай 10 пайызының табысы ЖІӨ жылдық өсімі 3,30%-тен асқан сәттен бастап оң серпінмен өзгере бастайды.

Ауыл шаруашылығы экспорты: кедергілер мен жауапсыздық

Сенаторлардың мәліметінше, соңғы бес жыл ішінде шекара арқылы тыйым салынған тауарларды заңсыз алып өтуге қатысты жүздеген жағдай тіркелген. Мәселен, кейбір кәсіпкерлер көрші елдерден, соның ішінде Өзбекстаннан, арзан қызанақ, бұрыш, қауын және басқа да өнімдерді Қазақстан аумағына кіргізіп, оларды «отандық өнім» ретінде рәсімдеп, кейіннен экспортқа шығарған. «Қазақстандық өнім» ретінде жасанды жолмен қалыптасқан мұндай деректер елдің іскерлік беделіне нұқсан келтіріп қана қоймай, сонымен қатар Ресей тарапынан фитосанитарлық шектеу шараларының қолданылуына әкеп соқтырады, – делінген депутаттық сауалда.

Дубайдағы мүлік дауы: депутат Бас прокуратураға жүгінбек

Қазіргі қоғамдық пікірдің назарында бюджет тапшылығы мен әлеуметтік мәселелер тұр. Сондықтан Дубайдағы элиталық жылжымайтын мүлік қоғамда белгілі бір қайшылық тудырып, әлеуметтік теңсіздіктің белгісі ретінде қабылдануы мүмкін.

Көлік саласындағы интеграция және цифрлық үйлестіру

Ресми хабарламада бұл жаңалық нақты деректерсіз берілгендіктен, белгілі бір сұрақтар туындауы заңды. Алайда олардың жауабы шын мәнінде бұрыннан белгілі. Негізінде, ЕЭК пен ТМД-ның Көлік үйлестіру кеңесі өкілдерінің кездесуі – ішінара бір-бірімен тоғысатын екі интеграциялық құрылымның жұмысын үйлестіруге бағытталған қадам.

Ұлттық қорды басқарудағы жаңа үрдіс

Жағымды жаңалықтардың да болғаны маңызды. Әсіресе Ұлттық қордың көлемі 2029 жылға қарай 100 млрд долларға жетуі тиіс екені айтылғанда, бюджет тәртібінің қалыптасуы туралы сөз қозғауға негіз бар.

Иран, америкалық мұнай және Қазақстан

АҚШ пен Израильдің шабуылына жауап ретінде Иран өңірдегі АҚШ пен оның одақтастарына тиесілі әскери базаларға, деректер орталықтарына, ЦРУ штаб-пәтерлеріне, порттарға және АҚШ елшіліктеріне соққы беріп жатыр. Дегенмен ең маңызды жауап ретінде Иран мұнай саласына қарсы соққылар жасады. Бұл қадам қазірдің өзінде халықаралық деңгейде үлкен резонанс тудырып отыр. Мұндай жағдайда Астана Тегеранның дрондары мен зымырандары Қазақстан аумағындағы америкалық мұнай активтеріне соққы жасамайды деп үміттенуде, өйткені олар қазірдің өзінде ықтимал әскери нысан ретінде аталып отыр.