Евразия24Таңдаулы жаңалықтар«Даму» қоры кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа жобасын іске қосты

«Даму» қоры кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа жобасын іске қосты

|

|

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында кәсіпкерлерге қолдау көрсететін пилоттық орталықтарды іске қосты.

Жоба аясында бизнесті қолдауға арналған қолданыстағы мүмкіндіктер мен құралдарды бір жерге шоғырландырып, «Бәйтерек» холдингіне қарасты ұйымдардың жұмысын бірыңғай фронт-офис арқылы үйлестіру көзделген. Кәсіпкерлерге мәселенің мән-жайын анықтаудан бастап, оны шешуге дейінгі барлық кезеңде көмек көрсетіледі.

Пилоттық жоба ең алдымен кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен жұмысын одан әрі жалғастыруына тікелей әсер ететін мәселелерді шешуге бағытталған. Атап айтқанда, кәсіпкерлер қарызды қайта құрылымдау және қаржы тарту, мемлекеттік қолдау алу, салық берешегін реттеу, өткізу нарығына қайта шығу және өнімді ілгерілету мәселелері бойынша көмек ала алады. Сондай-ақ кәсіпкерлік дағдыларды жетілдіру, агроөнеркәсіп кешені субъектілерін мемлекеттік қолдау және қаржыландыру бағыттары қамтылған.

 

Еуразия24 пікірі:

Дегенмен осы тұста бір заңды сұрақ туындайды. «Даму» қоры әу бастан кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсету үшін құрылған. Ол «Бәйтерек» холдингі құрамындағы шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламаларының негізгі операторы саналады. Қордың міндеті де микро, шағын және орта бизнестің дамуына түрлі қолдау тетіктері арқылы көмектесу.

Оның үстіне «Дамудың» еліміздің барлық дерлік өңірінде филиалдары, бірыңғай байланыс орталығы, кеңес беру желісі, тіпті көшпелі фронт-офистері бар. Ендеше кәсіпкердің мәселесі туындаған сәттен бастап, шешімін тапқанға дейін көмек көрсету қордың өңірлік бөлімшелері бұрыннан атқаруға тиіс жұмыстың бірі емес пе?

Әрине, мемлекет қазір «Дамудың» жұмысын жаңа деңгейге шығаруды көздеп отырған болуы мүмкін. Яғни қор кәсіпкерге қандай бағдарламаға қатыса алатынын түсіндірумен ғана шектелмей, нақты мәселесін шешуге көмектесетін орталыққа айналмақ. Мұндай тәсілдің тиімді тұстары бар.

Алайда қажетті инфрақұрылым өңірлерде бұрыннан бар болса, бұл жұмыс неліктен әзірге пилоттық жоба ретінде тек бес өңірде қолға алынып отыр?

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.