Евразия24Таңдаулы жаңалықтар«Еңбек» министрлігінің еңбегі – пара ма?

«Еңбек» министрлігінің еңбегі – пара ма?

|

|

2025 жылғы 28 маусымда Алматы қаласында кезекті жемқорлық фактісі әшкереленді.

Бұл туралы KazTAG Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлайды: Ресми ақпаратқа сәйкес, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 75 мың АҚШ доллары көлеміндегі кезекті пара беру кезінде бірқатар лауазымды тұлғаларды ұстаған.

Атап айтқанда, қолға түскендер қатарында:

  • «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС бас директоры Р.Омаров;
  • «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басшысы А.Сарбасов, ол бұған дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметін атқарған;
  • «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ бұрынғы басшысы Д.Арғандыков, ол да бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі лауазымында болған.

Тергеу барысында аталған тұлғалардың тұрғылықты жерінен 370 мың АҚШ доллары мен 4,5 миллион теңге көлемінде қолма-қол ақша тәркіленді.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, «Бірінші кредиттік бюро» басшылығы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның лауазымды тұлғаларына жүйелі түрде заңсыз сыйақы беріп отырған. Бұл заңсыз әрекеттер қаржы ұйымдарының сұраныстарын өңдеуге қажетті ақпараттық қызметтерді лоббилеу мақсатында жүзеге асқан.

Евразия24 берген түсініктеме:

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұрынғы және қазіргі басшыларына қатысты қозғалған іс қоғам арасында үлкен резонанс тудырып отыр. Тергеу органдарының ресми түсіндірмесінде көрсетілген «қаржы ұйымдарының сұраныстарын өңдеуге қажетті ақпараттық қызмет көрсету аясында мүдде лоббилеу» деген формулировка, шын мәнінде, Қазақстан азаматтарының жеке деректерін бір ұйымнан екіншісіне заңсыз түрде беру, яғни сату әрекетіне ұқсайды.

Бұл жағдай ел ішінде соңғы жылдары жиілеген жеке деректердің таралуы туралы алаңдаушылықтың бекер емес екенін көрсеткендей. Жаппай мәліметтер базасының қолдан жасалған түрде сыртқа шығуы мүмкін деген болжамдар бұған дейін де айтылған еді.

Айта кету керек, әзірге бұл іске қатысты нақты сот шешімі шыққан жоқ. Тергеу амалдары жалғасуда. Дегенмен, қоғамда бұл оқиға мемлекеттік органдарға, оның ішінде шенеуніктерге деген сенімге едәуір сызат түсіріп отырғаны байқалады.

Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік қызметшілер арасындағы жемқорлық деректері жиілеп барады. Осы орайда Мемлекет басшысының жуырда қабылдаған шешімі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жүргізу құзыретін Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне беру – маңызды қадам болып саналады.

Аталған агенттік алдағы уақытта мемлекеттік қызметке қабылданатын тұлғаларды адалдық, ашықтық тұрғысынан іріктеудің жаңа жүйесін енгізуі қажет. Себебі, билік басына келетін әрбір азаматтың жауапкершілігі жоғары болуы тиіс. Бұл – ең алдымен халықтың сенімін сақтау үшін қажет».

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан парламенті Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Қазақстан парламентінің Мәжіліс мен Сенат депутаттары жұма күні өткен палаталардың бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасын қарап, бірінші оқылымда мақұлдады.

Израиль Иран әуе кеңістігінде оннан астам дроннан айырылды

Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) Иран үстіндегі әуе операциялары барысында оннан астам ұшқышсыз ұшу аппаратынан айырылды.

Алатау офшорлық аймақ болмайды – Қазақстан вице-премьері

«Алатау қаласы офшорлық аймақ болмайды. Мұнда преференциялар тек өз қызметін тікелей Алатау қаласының аумағында жүзеге асыратын компанияларға ғана беріледі», – деді Бозымбаев жұма күні өткен брифингте.

Алатау ерекше құқықтық режимі бар дербес экономикалық экожүйеге айналады – заң жобасы

Қазақстанның Алматы облысындағы Алатау қаласын дамыту жобасы өзіндік қаржылық моделі бар дербес экономикалық экожүйе қалыптастыруды көздейді.