Евразия24Таңдаулы жаңалықтарҚұрылтайда 2027–2029 жылдарға арналған бюджетке қатысты сын айтылды

Құрылтайда 2027–2029 жылдарға арналған бюджетке қатысты сын айтылды

|

|

Kazinform мәліметінше, 2027 жылға арналған республикалық бюджет жобасында қосымша шығындарға мүмкіндік беретін қаржы қоры жоқтың қасы. Бұл туралы Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева мәлімдеді. Оның айтуынша, 2027–2029 жылдары бюджет тапшылығын қысқартып, мұнай қаражатына тәуелділікті біртіндеп азайту арқылы қатаңырақ бюджет саясатына көшу көзделген. Алайда 2027 жылдың бастапқы кезеңінде жағдай әлі де күрделі болмақ. «2027 жылдың бюджетінде қосымша шығындарға мүмкіндік беретін қор іс жүзінде қарастырылмаған. Шығыс көлемі 30,2 трлн теңге болып, белгіленген шекті мөлшердің 100 пайызына жетіп отыр. Ал бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімнің 2,3 пайызын құрайды. Бұл – рұқсат етілген ең жоғары көрсеткіш», – деді вице-спикер. Еспаеваның айтуынша, жағдай қолайсыз өрбіген жағдайда бюджет тапшылығы 4,6 трлн теңгеден 5,6–6,5 трлн теңгеге дейін ұлғаюы мүмкін. Вице-спикер бюджеттің өз кірістерінің өсу қарқынына да назар аударды. Ұсынылған деректер бойынша, олардың көлемі 19,9 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімнің шамамен 10 пайызын құрайды. Алайда 2027 жылы кірістің едәуір өсуі 2026 жылғы төмендеуден кейінгі қалпына келумен байланысты. «Қарызға жұмсалатын қаражат елді дамытуға бағытталатын мүмкіндікті біртіндеп азайтып барады. Қарызды өтеу мен оған қызмет көрсетуге бюджеттің өз кірістерінің 40,6 пайызы жұмсалады», – деді Дания Еспаева.

 

Еуразия24 пікірі:

Вице-спикердің бюджетте қосымша шығындарға мүмкіндік беретін қаржы қоры жоқтың қасы деген сөзі Үкіметтің қаржы-экономикалық блогына жасалған анық ескерту деуге болады. Яғни елдің басты қаржы құжаты қандай да бір есептен жаңылуға мүмкіндік бермейтіндей етіп жасалған. Үкімет 2027–2029 жылдары қатаңырақ бюджет саясатына көшуді жоспарлап отыр. Республикалық бюджет тапшылығын 2027 жылғы жалпы ішкі өнімнің 2,3 пайызынан 2029 жылы 0,4 пайызға дейін, ал мұнай кірістерін есептемегендегі тапшылықты 5,3 пайыздан 2,5 пайызға дейін төмендету көзделген. Бұл ретте 2027 жылғы шығыс 30,2 трлн теңге, кіріс 19,9 трлн теңге көлемінде белгіленген. Ал Үкіметтің болжамы орындалмай, бюджетке қосымша бірнеше триллион теңге қажет болып қалса ше? Ондай қаражат бюджетте қарастырылмаған. Күнделікті міндеттерді орындау үшін қайта-қайта қарыз алып, бұрынғы берешекті өтеуге барған сайын көп қаржы жұмсап, артынша ағымдағы шығындарды жабу үшін тағы несие алу – бюджетті тығырыққа тірейтін жағдай. Мұндай жағдайда шығыстарды қайта қысқарту басталуы мүмкін деп топшылаймыз. Қаржы үнемдеу қажет болса, ең алдымен әлеуметтік бағдарламаларға бөлінетін қаражат қысқаруы ықтимал. Үкімет ірі инфрақұрылымдық жобалардан бас тарта қояды деу қиын.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Англия банкі базалық мөлшерлемені 3,75% деңгейінде қалдырды

Англия банкі базалық пайыздық мөлшерлемені жылдық 3,75% деңгейінде өзгертпеді. Бұл туралы Ұлыбританияның орталық банкі мәлімдеді.

Азия-Тынық мұхиты қор нарықтарындағы сауда әркелкі аяқталды

Бейсенбі күні Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі қор индекстері әр бағытта өзгерді. Нарық қатысушылары бір күн бұрын аяқталған АҚШ Федералдық резерв жүйесінің (ФРЖ) отырыс қорытындысына назар аударды.

Канада ЕО-мен стратегиялық ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі

Канада мен Еуропа стратегиялық маңызы бар салаларда күш біріктіру арқылы өз дербестігін нығайта алады. Бұл туралы Канада премьер-министрі Марк Карни бейсенбі күні мәлімдеді.

Аргентина табиғи ресурстарын заңсыз игерген шетелдік компанияларға санкция салмақ

Аргентина президенті Хавьер Милей «Ұлттық егемендікті қорғау туралы» заң жобасын Конгресс қарауына ұсынды. Құжатта елдің табиғи ресурстарын Аргентина билігінің рұқсатынсыз пайдаланатын шетелдік құрылымдарға санкция енгізу қарастырылған. Бұл туралы бейсенбі күні президент кеңсесі мәлімдеді.