Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарЕңбек министрлігі жұмыссыз азаматтарды анықтап, жұмысқа орналастырып жатыр

Еңбек министрлігі жұмыссыз азаматтарды анықтап, жұмысқа орналастырып жатыр

|

|

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша: «Цифрлық жұмыспен қамту қызметі аясында азаматтардың өтініші негізінде жұмыс істеу және мансап орталықтарында бір реттік кеңес берудің орнына жұмыс іздеушілерге алдын ала көмек ұсынып, оларды жұмысқа орналасқанға дейін жүйелі түрде сүйемелдеу көзделген.

Негізгі бағыттардың бірі – жұмысқа орналасуға көмек қажет азаматтарды олардың мансап орталықтарына өздері жүгінуін күтпей-ақ анықтау. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтер негізінде жұмыс іздеуі мүмкін азаматтар іріктеліп, оларға жұмыс табуға жәрдем ұсынылады.

Мұндай көмекті Enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы алуға болады. Азаматтың келісімімен оның білімі, еңбек тәжірибесі және кәсіби дағдылары туралы мәліметтер қамтылған цифрлық түйіндеме автоматты түрде жасалады. Жасанды интеллект көмегімен біліктілігіне сай бос жұмыс орындары іріктеліп, әр азаматқа жеке ұсыныстар беріледі. (…)

Цифрлық жұмыспен қамту қызметінің жобасы 2026 жылғы шілдеден бастап Павлодар және Маңғыстау облыстарында жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ішінде 59,2 мың азаматқа жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету туралы ұсыныс жолданды. Бүгінге дейін жоба аясында 7,5 мың адам жұмысқа орналастырылды».

 

Еуразия24 пікірі:

Біздің түсінуімізше, халық саны аса көп емес екі облыстың өзінде 60 мыңға жуық жұмыссыз адам бар. Бұл елдегі жұмыссыздық мәселесінің қаншалықты ауқымды екенін көрсететіндей. Дегенмен қазір әңгіме бұл туралы емес.

Біз мансап орталықтары мен электрондық еңбек биржасының тиімділігіне бұрыннан күмәнмен қараймыз. Әсіресе, шалғай елді мекендерде тұратын, жасы 40-тан асқан азаматтарға жұмыс табу оңай емес. Кейбір ауылдарда интернет жоқ, ал кейбір тұрғындар әлеуметтік желілерді пайдаланбайды, жаңалықтарды да қадағаламайды. Заманауи технологиялардың игілігін толық пайдалана алмайтын, бірақ табыс табуға мұқтаж адамдар қашанда болады. Сондықтан мемлекеттің азаматтардан өтініш күтпей, оларға өзі бірінші болып көмек ұсынуы – құптарлық бастама.

Әзірге мұндай тәсілмен жұмысқа орналастырудың қаншалықты тиімді екенін бағалау қиын. Өйткені азаматтарға ұсынылған жұмыс орындарының басым бөлігі олардың біліктілігіне сәйкес келмеуі, жалақысы тым төмен немесе уақытша болуы да мүмкін. Дегенмен бастаманың негізгі бағыты дұрыс. Егер бұл жұмыс жүйелі түрде дамытылса, азаматтардың жұмыс іздеп сабылмай, өздеріне лайықты жұмыс орындары туралы ұсыныстарды тікелей алуына мүмкіндік туады. Мұндай тәсілді неге қолдамасқа?

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ЕО Украинадағы бейбіт реттеу мәселесі бойынша Ресейдің қатысуымен өз аумағында келіссөздер өткізуге дайын – ЕК өкілі

Еуропалық Одақ Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу мәселесі бойынша Ресейдің де қатысуымен өз аумағында көпжақты келіссөздер өткізуге дайын. Бұл туралы дүйсенбі күні Еуропалық комиссияның (ЕК) ресми өкілі Паула Пинью мәлімдеді.

ЕО Украинаға 8 млрд еуро көлеміндегі ең ірі қаржылық траншты бөледі

Еуропалық Одақ Кеңесі дүйсенбі күні Украинаға арналған қор (Ukraine Facility) аясында Киевке жуық арада 8 млрд еуроға жуық қаржы бөлуге мүмкіндік беретін шешім қабылдады.

Тоқаев Энергетика министрлігіне жанар-жағармай мен көмір нарығындағы тұрақтылықты қатаң бақылауды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің биылғы 10 айдағы отын-энергетика кешенінің даму қорытындылары, жылыту маусымының барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы есебін тыңдады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Азия қор нарықтары сауданы негізінен төмендеумен аяқтады

Дүйсенбідегі сауда қорытындысы бойынша Азияның негізгі қор индекстері төмендеді. Инвесторлардың назары экономикалық статистикаға ауды.