Евразия24Күнбе күнМемлекеттік қызметтің тартымдылығы неге жойылды?

Мемлекеттік қызметтің тартымдылығы неге жойылды?

|

|

Қаржы сарапшысы Арман Бейсембаев видеоблогер Арман Абдоллаевқа берген сұхбатында Қазақстанда мемлекеттік қызметтің бұрынғыдай тартымды емес екенін себебін түсіндірді.

«Тіпті мемлекеттік қызметтің де өз ішінде үлкен алшақтық бар. Қарапайым тілмен айтқанда, барлық жүктің 90 пайызықағаз бастылық, бюрократиялық жұмыс, негізгі міндеттердің барлығытөмен деңгейдегі қызметкерлердің мойнында. Халық тарапынан барлық теріс реакция, шағымалдымен соларға бағытталады. Оларалдыңғы шепте жүргендер, алғашқы соққыны тікелей солар алады.

Бірақ олардың айлық жалақысына қарасаң – таза табыс деңгейі 90, 110, 120, 130, 150 мың теңге шамасында. Бұлшын мәнінде, тиын-тебен ғана. 2022 жылдан кейін бұл төмен деңгейдегі қызметкерлер арасында үлкен мәселеге айналды. Қызметкерлердің жаппай кетуі басталды.

Инфляция күшейді, жағдай нашарлады, жүйе тұтастай әлсірей бастады. Бұрын мемлекеттік қызметке ұмтылушылар көп болатын, өйткені қосымша табыс табуға, байланыс орнатуға мүмкіндік бар еді. Ал 2022 жылдан бастап бізде институционалдық өзгерістер күшейіп, бәрінің үстінен Антикордың қарайтын болды.

Бұл салада жұмыс істеу әлдеқайда қауіпті бола бастады. Күн сайын біреуді ұстап жатады. Мемлекеттік қызмет бұрынғыдай беделді сала емес, қазір адамдар мансап үшін де барғысы келмейді. Оған қоса тұрақсыздық пен қымбатшылық бар», – деді сарапшы.

Евразия24:

2025 жылдың сәуір айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жай-күйі туралы» Ұлттық баяндамасын жариялады. Құжатта 2024–2029 жылдарға арналған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасында мемлекеттік қызметшілердің әл-ауқаты, мотивациясы және әлеуметтік қолдауы — олардың кәсібилігі мен тиімділігіне тікелей ықпал ететін негізгі факторлар ретінде көрсетілгені айтылған.

Агенттік сонымен қатар қазіргі жалақы деңгейі, соңғы кешенді еңбекақы өсімінен бері жиналған инфляция, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің кредиттік жүктемесі (тек 8%-ының ғана несиесі жоқ) ескерілген жағдайда, нәтижелілік үшін берілетін ақшалай ынталандыру төлемдері еңбекақының бәсекеге қабілеттілігін сақтап қалатын маңызды тетік екенін атап өткен.

Басқаша айтқанда, Қазақстандағы шенеуніктердің 92%-ы несиеге тәуелді! Бұл жақсы өмірдің белгісі емес екені түсінікті. Қарыздан тезірек құтылуға деген ұмтылыс табыс көзін арттыруға итермелейді. Бірақ Антикордың жіті назарындағы мемлекеттік қызметте бұған мүмкіндік қайдан болсын? Тәуекел еткендердің көбі, сот залына тап болары әбден мүмкін.

Сондықтан да сарапшылар жоғары жауапкершілік жағдайында жеке пайда табу мүмкіндігі тым төмен болғандықтан, мемлекеттік қызметтің тартымдылығы жоғалды деп есептейді.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ Жапонияға арналған Tomahawk зымырандарын жеткізуді уақытша тоқтатты

АҚШ Жапонияға жүздеген Tomahawk қанатты зымырандарын жеткізуді белгісіз мерзімге тоқтатты. Бұл туралы The Financial Times басылымы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

АҚШ пен Иран атысты тоқтату режимін тағы 60 күнге ұзартуы мүмкін

Жақын арада АҚШ пен Иран қол қоюы мүмкін меморандум атысты тоқтату режимін тағы 60 күнге ұзартуды көздейді. Бұл туралы Axios порталы дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Иран Ормуз бұғазындағы бақылаудан бас тартпайды

АҚШ-пен уақытша келісім аясында Иран Ормуз бұғазы арқылы кемелер қозғалысын қалпына келтіруге дайын, алайда бұғазға бақылаудан бас тартпайды. Бұл туралы Tasnim агенттігі өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

АҚШ әскері Таяу Шығыстан Иранмен түпкілікті келісім жасалғаннан кейін ғана шығарылады

Соңғы айларда Таяу Шығысқа орналастырылған америкалық әскерилер АҚШ пен Иран арасында түпкілікті келісімге қол жеткізілген жағдайда ғана өңірден шығарылады. Бұл туралы Axios порталы ақпараттандырылған дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.