Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарОПЕК+ тамыз айында өндіріс көлемін ұлғайтпақ

ОПЕК+ тамыз айында өндіріс көлемін ұлғайтпақ

|

|

BES.media ақпарат көзі хабарлайды: «ОПЕК+ елдері тамыз айында мұнай өндірісін тәулігіне 188 мың баррельге арттыруға келісті. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында жарияланды. Мұндай шешімді 5 шілдеде өткен онлайн отырыс қорытындысы бойынша Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман мемлекеттері әлемдік мұнай нарығындағы жағдай мен оның келешегін талқылау барысында қабылдады. Мәлімдемеге сәйкес, Қазақстанның тамыз айындағы квотасы тәулігіне 1,618 млн баррельді құрамақ. Өндіріс көлемін қосымша ұлғайту — 2023 жылы сәуірде енгізілген ерікті шектеулерді кезең-кезеңімен азайтудың келесі сатысы болмақ. Бұл ретте келісімге қатысушы тараптар шектеулерді жою қарқыны нарықтағы ахуалға тікелей байланысты болатынын атап өтті. Сондай-ақ жиынға қатысушылар өндірісті арттыру елдердің бұған дейін белгіленген көлемнен асыра өндірген мұнай мөлшерін өтеу жөніндегі міндеттемелерін тезірек орындауына мүмкіндік беретінін алға тартты. ОПЕК+ мүшелерінің келесі отырысы 2026 жылдың 2 тамызына жоспарланған».

Еуразия24 пікірі:

Бір жағынан, 2026 жылдың тамызында ОПЕК+ елдерінде мұнай өндірісінің ұлғаюы мұнай экспорттаушы мемлекеттердің экспорттық табысы мен салық түсімдерін арттыруға жол ашады. Әсіресе, қосымша өндіріс көлемі мұнай бағасының қолайлы деңгейінде жүзеге асса, бұл үдеріс барынша тиімді болмақ. Мұнай-газ секторы валюталық түсімдер мен бюджет кірістерінің негізгі көзі болып табылатын Қазақстан экономикасы үшін бұл қадамның маңызы өте зор.

Екінші жағынан, әлемдік нарықта ұсыныстың артуы әдетте бағаға қысым жасау тәуекелдерін туындатады. Егер ОПЕК+ қатысушыларының өндіріс өсімі әлемдік сұраныстан озып кетсе, шикізат бағасы төмендеуі мүмкін. Мұндай жағдайда жеткізілімнің физикалық көлемін арттырудан күтілетін коммерциялық тиімділік байқалмайды.

Бұл ретте ОПЕК+ ұйымына тән икемді тәсілдің сақталып отырғаны құптарлық жайт. Өйткені мәлімдемеде алдағы қадамдардың нарық конъюнктурасына байланысты болатыны нақты көрсетілген. Демек, бұл шешім ұсынысты реттеу саясатынан бас тартуды емес, нарықтың қазіргі жағдайына сай жасалған сақ әрі жүйелі түзетуді білдіреді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

«Келешектің» болашағы қандай?

Ұлттық байлықтың игілігін болашақ ұрпақпен бөлісу – дұрыс әрі әділетті идея. Бірақ кез келген ауқымды әлеуметтік бастама  ерте ме, кеш пе бюджеттің қатаң есепке тіреледі: қанша қаражат қажет, ол қайдан алынады және мемлекет қабылдаған міндеттемені 10–20 жылдан кейін де орындай ала ма? Бүгінде «Ұлттық қор – балаларға» және «Келешек» бағдарламалары қатар жұмыс істейді. Екеуінің де түпкі мақсаты ұқсас – баланың болашағына капитал қалыптастыру. Сондықтан ендігі мәселе – осы екі тетікті бір-бірінен бөлек ұстай беру керек пе, әлде оларды бір тиімді жүйеге біріктіруге бола ма? Спойлер ретінде айта кетейік: шешім табылды, ол күрделі пайыздың сиқырында және үшінші бала дүниеге келгенде отбасыларды қолдауда жатыр.

Тоқаев Каспийдің тартылу салдарын азайту үшін Каспий маңы елдерін күш біріктіруге шақырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізінің тартылу салдарын азайту үшін Каспий маңы мемлекеттерінің басшыларын күш біріктіруге шақырды.

Тоқаев 2027–2030 жылдарға арналған ТМД-ның ірі индустриялық-технологиялық жобалар топтамасын қалыптастыруды ұсынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2027–2030 жылдарға арналған ТМД-ның ірі индустриялық-технологиялық жобалар топтамасын қалыптастыруды ұсынды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Азия қор индекстері өсті

Жұма күні Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор индекстері негізінен өсті.Оңтүстік Корея нарығы мемлекеттік мерекеге байланысты жұмыс істемеді.