Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарҰҚШҰ өз құзыретін кеңейтуде

ҰҚШҰ өз құзыретін кеңейтуде

|

|

ҰҚШҰ хабарлауынша, бірінші күннің басты оқиғасы — Роспотребнадзор басшысы – Ресей Федерациясының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Анна Попованың төрағалығымен өткен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі уәкілетті органдары Үйлестіру кеңесінің 6-шы отырысы болды. Жиынға Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының бейінді министрліктері мен ведомстволарының, сондай-ақ ҰҚШҰ Хатшылығының өкілдері қатысты. Отырыс барысында тараптар ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аймағындағы биологиялық жағдайға қатысты өзара бағалаумен бөлісіп, Үйлестіру кеңесінің 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті. Үйлестіру кеңесінің мүшелері биологиялық қауіпсіздік проблемаларын зерттеу саласындағы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Базалық ұйымын құру туралы құжат жобасын келісті. Бұл мәртебені Роспотребнадзордың «Микроб» обаға қарсы ғылыми-зерттеу институтына беру ұсынылды. Отырыстың маңызды қорытындысы — ҰҚШҰ форматындағы биологиялық қауіпсіздік саласындағы жағдайды бірлесіп талдау жобасының мақұлдануы болды. Бұл тәуекелдерді кешенді түрде пайымдауға және ұжымдық іс-қимылдардың алдағы басымдықтарын анықтауға мүмкіндік береді.

Еуразия24 пікірі:

COVID-19 пандемиясының сабақтары жекелеген мемлекеттердің ғана емес, сонымен бірге интеграциялық бірлестіктердің де биологиялық қауіпсіздік мәселелерін елеулі түрде қайта қарауға мәжбүр етті. ҰҚШҰ-ның біржолғы кеңестер өткізуден ақпаратты жүйелі түрде алмасу мен биологиялық тәуекелдерді бірлесіп бағалауға көшуі түптің түбінде жаңа инфекциялар мен қауіпті аурулардың өршуінен бастап, азық-түлік қауіпсіздігі мен дерттің трансшекаралық таралуына қатысты проблемаларды тежеуде шешуші факторға айналуы мүмкін. Шеккарасының ұзақтығын, сондай-ақ халықаралық сауда мен көлік дәліздерін белсенді дамытып жатқанын ескерсек, Қазақстан мұндай бастамаларға барынша атсалысуға тікелей мүдделі. ҰҚШҰ-ның биоқауіпсіздік саласындағы базалық ғылыми ұйымын құру бірлестіктің биоқауіпсіздікке қарсы бағытталған әкімшілік жұмысын зияткерлік деңгейге көтереді, яғни әрбір шешім нақты ғылыми қорытындымен негізделетін болады. Бұл ретте Қазақстанның аталған салада айтарлықтай оң тәжірибесі бар.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Трамп Вашингтонда салтанатты арканы ұшқышсыз ұшу аппараттары мен снайперлерді орналастыру үшін пайдалануды жоспарлап отыр

Вашингтонда салынуы жоспарланып отырған салтанатты аркада әскери мақсаттағы жабдықтар орнатылады, деп мәлімдеді жексенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамп.

Чилидің экс-президенті Бачелет БҰҰ бас хатшысы қызметі үшін күрестен бас тартады

Чилидің бұрынғы президенті Мишель Бачелет БҰҰ бас хатшысы қызметі үшін күресті тоқтататынын мәлімдеді.

Трамп ЖИ бойынша арнайы құрылымдар құру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді

АҚШ Президенті Дональд Трамп бұл саланың одан әрі дамуына қатысты мәселелерді шешуге қатысу үшін «жасанды интеллект күштерін» — арнайы құрылым құратынын мәлімдеді.

КХДР шығыс бағытта тағы бір зымыран ұшырды

Оңтүстік Корея әскери қолбасшылығының деректеріне сілтеме жасай отырып «Ренхап» агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні КХДР армиясы Жапон теңізі бағытында тағы бір зымыран ұшырды.