Евразия24ҚоғамЖүзді жабу – Құран талабына жат па?

Жүзді жабу – Құран талабына жат па?

|

|

 

ZTB News агенттігі хабарлайды: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) қоғамдық орындарда жүзді толықтай жабатын киім-кешекті, оның ішінде никаб киюге тыйым салу туралы заңды қолдайтынын ресми мәлімдеді.

ҚМДБ таратқан мәліметте аталған бастама діни наным-сенімге қарсы бағытталмағаны, оның мақсаты — қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау екені атап өтілген.

Мүфтият өкілдерінің айтуынша, мұндай шектеулер бірқатар мұсылман мемлекеттерінде де қолданыста. Құран мен хадистерге сүйенген діни сарапшылар, исламда жүзді ашық ұстауға рұқсат етілетінін және оны толық жабу міндетті діни талап емес екенін еске салды. Сонымен бірге, толық жабыну дәстүрі қазақ халқының тарихи мәдениетіне тән емес.

Еуразия24 берген түсініктеме:

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биліктің никаб киюге қатысты шектеуін қолдап, ресми ұстанымын жариялады.

Заң жобасы талқыланып жатқан кезде әлеуметтік желілерде «жабық киінуді» жақтайтындар билікті сынап, «никаб ешкімге зиян келтірмейді, ал алкоголь адам өмірін алып жатыр» деген мазмұндағы пікірлерін ашық жазды.

Кейбіреулер бұл мәселені дін ұстанушылар мен мемлекеттің арасындағы текетіреске айналдыруға тырысты. Осы кезеңде ҚМДБ қандай да бір пікір білдіруден әдейі бас тартты.

Тек заң күшіне енген соң, мүфтият ресми мәлімдеме жасап, қоғамдағы дау-дамайды бәсеңдетуге ықпал етті.

Қазір діни сенімдегі азаматшалардың басқа амалы жоқ: жаңа заң бойынша, қоғамдық орындарда бет-жүзді толықтай жабуға болмайды. Мұндай жағдайда ҚМДБ-ның ресми ұстанымы мемлекеттің зайырлылығын күшейтуге бағытталған қадамдарды қоғамға дұрыс түсіндіруге сеп болуда. Бұл — мұсылман халқы басым ел үшін ерекше маңызды әрі сезімтал мәселе екенін ескерсек, діни жетекшілердің ұстанымы жағдайды тұрақтандыруда шешуші рөл атқарады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.