Евразия24ЖаңалықтарАҚШ Парсы шығанағы елдеріне 4 қарашада Иранға қайта соққы беруі мүмкін екенін...

АҚШ Парсы шығанағы елдеріне 4 қарашада Иранға қайта соққы беруі мүмкін екенін ескертті – БАҚ

|

|

Вашингтон. 31 қазан. ИНТЕРФАКС – АҚШ билігі Парсы шығанағындағы одақтас елдерге 3 қарашада өтетін аралық сайлаудан кейін бірден Иранға қайта шабуыл жасауы мүмкін екенін хабарлады. Бұл туралы америкалық MS NOW телеарнасы дереккөздеріне сілтеме жасап мәлімдеді.

«АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Парсы шығанағындағы одақтастарына аралық сайлаудан кейінгі келесі күні, 4 қарашада қысқа мерзімді, бірақ қарқынды әуе соққыларының сериясына дайын болу қажеттігін ескерткен. Бұл туралы өңірдегі елдердің жоғары лауазымды үш өкілі мәлімдеді», – деп хабарлады телеарна.

Дереккөздердің бірі кейбір елдер АҚШ-тың Иранға шабуыл жасау үшін өз аумағындағы әскери базаларды пайдалануына қарсылық білдірсе, бұған таңғалмайтынын айтты.

Ақ үй өкілдері MS NOW телеарнасына берген түсініктемесінде Иранға қатысты ықтимал әскери жоспарларды талқылаудан бас тартты.

Сонымен қатар бұған дейін АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Мохсен Резаиге хат жолдаған. MS NOW телеарнасының екі дереккөзінің айтуынша, Вэнс хатында Вашингтон мен Тегеранның ресми өкілдері арасында кездесу өткізуді ұсынған.

Бір күн бұрын Тегеранға Катардан араағайын өкілдер келген. Телеарна дереккөздерінің бірі Доханың тараптарды алаңдататын мәселелерді ескеріп, өзара сенімді нығайту шараларын қамтитын жеті күндік жоспар ұсынып отырғанын айтты. Бұл бастамаға АҚШ президентінің арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер де қатысып жатыр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Польша президенті Конституциялық сот төңірегіндегі дағдарысқа байланысты Сенегалға сапарын тоқтатты

Польша президенті Кароль Навроцкий елдің Конституциялық соты басшылығына қатысты туындаған дағдарысқа байланысты Сенегалға сапарын тоқтататынын мәлімдеді.

Италияда бағаның өсуі мен Мелони үкіметінің саясатына қарсы наразылық шерулері өтті

Рим. 30 қазан. ИНТЕРФАКС – Италияда тұрмыс құнының қымбаттауына,...

Қазақстан мен Қырғызстан Бішкекте өткен екінші өңіраралық ынтымақтастық форумында бірқатар құжатқа қол қойды

Астана. 30 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан мен Қырғызстан премьер-министрлерінің...

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өзара сауда көлемі қаңтар–тамыз айларында 19%-дан астам өсті

*** Қазақстан Қырғызстанға азық-түлік, мұнай-химия және металлургия өнімдерін жеткізуді...