Вашингтон. 21 қараша. ИНТЕРФАКС – Қазіргі уақытта Иран мұнайын сата алмай отыр, алайда бұл жағдай мұнай импорттаушы елдерге зиянын тигізбейді. Бұл туралы АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент мәлімдеді.
«Иран мұнай өндіре бастағалы бері алғаш рет теңізде осы елдің мұнайы тиелген бірде-бір танкер жоқ. Қазір ешкім Иран мұнайын сатып ала алмайды», – деді ол CNBC телеарнасына берген сұхбатында.
Сонымен қатар министр «әлемнің Иран мұнайынсыз да өмір сүре алатынына көз жеткіздік» деп мәлімдеді. Бессент бұл тұжырымды растайтын деректерді сенбі күні жариялауға уәде берді.
Оның айтуынша, осы аптаның басында Шэньчжэнь қаласында өткен келіссөздерде Ресей, АҚШ және Қытай Иранның ядролық қаруға ие болмауы тиіс деген ортақ ұстанымдарын растаған.
«Иранның ядролық қаруы болмауы керек. Үш ел де бұл мәселеде бір пікірде», – деді министр.
Бессент АҚШ-тың Иранға экономикалық қысымды жалғастыратынын айтты. Оның сөзінше, бұл шаралар Тегеран қақтығысты тоқтату жөнінде Вашингтон үшін қолайлы келісімге келіскенге дейін сақталады.
Министр қазіргі уақытта америкалық әскери базада тұрып жатқанын да еске салды. Ол мұндай шешімге Иран тарапы өзіне қастандық ұйымдастыруы мүмкін деген қауіпке байланысты барған.
«Егер ирандықтар шынымен менің көзімді жоюды көздеп жүрсе, демек, олардың жағдайы расында да қиын», – деді АҚШ қаржы министрі.
Бессент биыл The Wall Street Journal басылымының өзінің жаңа үйінің фотосуретін геолокациялық деректерімен бірге жариялағанына өкініш білдірді. Осы оқиғадан кейін ол уақытша әскери базаға көшуді ұйғарған.
«Әскери базада тұру қолайлы», – деп министр.




