Евразия24ЖаңалықтарАҚШ соты Meta-ны балалардың құқықтарын қорғау ісі бойынша 900 млн доллардан астам...

АҚШ соты Meta-ны балалардың құқықтарын қорғау ісі бойынша 900 млн доллардан астам өтемақы төлеуге міндеттеді

|

|

Мәскеу. 7 тамыз. INTERFAX – АҚШ-тың Нью-Мексико штатының соты балалардың құқықтарын қорғауға қатысты іс бойынша Meta компаниясына  900 млн АҚШ долларынан астам қаражат төлеуді және штаттағы кәмелетке толмаған пайдаланушылардың Facebook пен Instagram желілерінде өткізетін уақытын шектеуді міндеттеді.

The Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, судья Брайан Бидшайд компанияны алқабилер белгілеген 375 млн АҚШ доллары көлеміндегі айыппұлды төлеуге, сондай-ақ келтірілген зиянның салдарын жоюға бағытталған іс-шараларды қаржыландыру үшін 567 млн АҚШ доллары көлемінде арнайы қор құруға міндеттеген.

Сонымен қатар сот шешіміне сәйкес, Meta платформалардың жұмысына бірқатар өзгеріс енгізуі тиіс. Атап айтқанда, кәмелетке толмаған пайдаланушылар жариялаған фотосуреттердегі «ұнату» белгілерінің санын әдепкі параметр бойынша жасырып, оларға ықтимал қауіптер туралы ескертуі қажет.

Компания сот шешімімен келіспейтінін және оған апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.

«Біз балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қол жеткізген нәтижелерімізге сенімдіміз және негізсіз талаптарға қарсы өз ұстанымымызды қорғауды жалғастырамыз», – деп келтіреді басылым компания өкілінің сөзін.

Meta-ға қарсы талап арызды Нью-Мексико штатының бас прокуроры Рауль Торрес берген. Оның айтуынша, компания балалардың сексуалдық сипаттағы материалдарды көруіне және олардың қаскөйлердің қудалауына ұшырауына жол берген.

Наурыз айында алқабилер соты Meta компаниясы штаттың тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын қасақана бұзды деген қорытындыға келген.

Судья шешімі жарияланғаннан кейін Рауль Торрес енді осындай мәселеге тап болған өзге штаттар мен елдер үшін нақты құқықтық үлгі қалыптасқанын мәлімдеді.

Meta компаниясына қарсы мыңдаған талап арыз берілген. Оларда компания кәмелетке толмаған пайдаланушылардың қауіпсіздігінен гөрі бизнестің өсуіне басымдық берді деген айып тағылған.

Келесі аптада Калифорния штатының Окленд қаласында төрт штат билігінің Meta-дан 1 трлн АҚШ долларынан астам өтемақы өндіріп алуды талап ететін талап арызы бойынша алқабилерді іріктеу басталады. Компанияның мәліметінше, тек биылғы екінші тоқсандағы сот шығындарының өзі 2,4 млрд АҚШ долларын құраған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

PDVSA мен ExxonMobil америкалық компанияның Венесуэлаға қайта оралуы жөнінде меморандумға қол қойды

Венесуэланың мемлекеттік мұнай компаниясы PDVSA мен америкалық ExxonMobil (SPB: XOM) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат ExxonMobil компаниясының Венесуэланың мұнай-газ секторындағы жұмысын қайта бастау мүмкіндігін қарастырады.

Азия биржаларында индекстер өсіп, технологиялық компаниялардың акциялары қымбаттады

Сейсенбіде Уолл-стриттегі өсімнен кейін Азия-Тынық мұхиты аймағының қор индекстері де көтерілді.

Мексика қуаты 649 МВт болатын алты күн электр станциясының құрылысына рұқсат берді

Мексиканың Ұлттық энергетика комиссиясы (CNE) жалпы қуаты 649 МВт болатын алты күн электр станциясын салуға рұқсат берді.

Уоллердің мәлімдемесінен кейін доллар нығайды, нарық АҚШ-тағы инфляция деректерін күтуде

Сейсенбі күні түстен кейін АҚШ доллары еуроға, фунт стерлингке және жапон иенасына қатысты біршама нығайды.