Евразия24ЖаңалықтарАҚШ-тың Сербиядағы NIS мұнай компаниясына қарсы санкциялары күшіне енді

АҚШ-тың Сербиядағы NIS мұнай компаниясына қарсы санкциялары күшіне енді

|

|

АҚШ. 8 қазан. ИНТЕРФАКС — 2025 жылы 8 қазаннан бастап АҚШ тарапынан Сербияның NIS энергетикалық компаниясына қарсы енгізілген санкциялар күшіне енді. Бұл компания Ресейдің “Газпром нефть” құрылымына кіреді. Қыркүйек айының соңында АҚШ бұл шектеулердің күшіне ену мерзімін бірнеше күнге шегерген болатын. Бұған дейін де санкциялар бірнеше рет ұзартылған еді.

Сербия президенті Александр Вучич 7 қазанда жасаған мәлімдемесінде NIS компаниясының болашағына қатысты келіссөздер Ресеймен жалғасатынын айтты. Оның сөзінше, “АҚШ-пен бұл мәселе бойынша талқылайтын ештеңе қалмаған”. Сонымен қатар ол Еуропалық Одақтың да санкцияларды қолдауы мүмкін екенін айтып, бұл жағдай Хорватия арқылы мұнай жеткізуге әсер етуі ықтимал екенін ескертті. JANAF құбыры арқылы мұнай тасымалы да тоқтатылуы мүмкін.

NIS – «Газпром нефть» еншілес кәсіпорны ретінде 2025 жылдың басында АҚШ-тың арнайы санкциялар тізіміне (SDN List) енгізілді. Осыған байланысты Вашингтон Сербиядан компания құрамынан ресейлік капиталды толықтай шығарып тастауды талап етіп отыр. Вучич еске салғандай, 2008 жылы Сербия үкіметі компаниядағы бақылау үлесін «Газпром нефтьке» берген. Осы уақыт ішінде NIS сербиялық бюджетке айтарлықтай кіріс әкеліп, бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асуына септігін тигізген.

Соңғы уақытта NIS компаниясына қатысты санкциялар мерзімінің ұзартылмауына байланысты жаңа акционерлердің пайда болуы мүмкін деген әңгімелер күшейе түсті. Хорватия билігі де мұнай тасымалын жалғастыру үшін компанияның меншік құрылымында өзгерістер болуы қажет екенін мәлімдеді. Хорватия премьер-министрі Андрей Пленкович: «АҚШ санкциялары JANAF құбыры арқылы Панчево қаласындағы мұнай өңдеу зауытына мұнай тасымалдауға мүмкіндік бермейді. Біз NIS құрылымындағы өзгерістерді күтіп отырмыз», – деді.

Қазіргі уақытта NIS компаниясындағы негізгі үлеске ие құрылтайшылар мыналар: «Газпром нефть» – 44,85%, Сербия үкіметі – 29,87%, ал тағы 11,3% акция «Интэлидженс» АҚ-қа тиесілі. Бұл акционерлік қоғам «Газпром капитал» басқаруындағы құрылым. «Газпром» компаниясының өзінде бір ғана акция бар, сондай-ақ компанияда миноритарлық инвесторлар да бар.

NIS – Сербия аумағында көмірсутек шикізатын барлау және өндірумен айналысатын жалғыз компания. Сонымен қатар оған Панчево қаласындағы ірі мұнай өңдеу зауыты (НПЗ) тиесілі. Компания Сербияның мұнай өнімдері нарығында жетекші орын алады. Оның жанармай құю бекеттері Босния және Герцеговина, Болгария мен Румынияда да жұмыс істейді. Барлығы 400-ден астам АЖС желісін қамтиды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Путин мен Тоқаев Омбыда жеке кездесу өткізеді

Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сенбі күні Омбыда Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы XXII форумының пленарлық отырысы алдында жеке кездесу өткізеді. Бұл туралы Кремль хабарлады.

НАТО-ның жоғары әскери қолбасшылығы штабында тыңшылық жасады деген күдікпен әйел ұсталды

Бельгияда НАТО-ның Еуропадағы Біріккен қарулы күштерінің жоғарғы қолбасшылығының (SHAPE) штаб-пәтерінде тағылымдамадан өтіп жүрген әйел тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы сенбі күні RTBF телеарнасы хабарлады.

Трамп тағы да президенттікке үміткер болатынын әзілмен айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп 2020 жылғы президент сайлауында жеңілмегенін тағы да айтып, әзіл ретінде 2028 жылғы сайлауға қайта түсетінін мәлімдеді.

Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин 31 тамыз – 1 қыркүйек күндері Қырғызстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы сенбі күні Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев мәлімдеді.