Евразия24ЖаңалықтарДамаск Мәскеумен ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін растады

Дамаск Мәскеумен ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін растады

|

|

Мәскеу. 31 шілде. ИНТЕРФАКС – Сирияның жаңа билігі Ресеймен өзара құрметке негізделген ынтымақтастық орнатуға мүдделі. Бұл туралы Сирияның сыртқы істер министрі Асаад аш-Шибани Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуде мәлімдеді.

«Біз бүгін жаңа Сирияны таныстырып отырмыз және, әрине, елдеріміз арасындағы өзара сыйластық пен ынтымақтастыққа негізделген дұрыс қарым-қатынас орнатуға ниеттіміз», – деді аш-Шибани.

Ол қазіргі кезеңнің түрлі сын-қатерлер мен қауіптерге толы екенін атап өтіп, мұны біртұтас әрі қуатты Сирияны қалыптастыру мүмкіндігі ретінде бағалады. «Біз бұл жолда Ресеймен бірлесіп әрекет етуге ынталымыз», – деп толықтырды министр.

Сирия сыртқы істер министрі сонымен қатар Ресей мен Сирия халықтары арасындағы қарым-қатынастың тарихи сипатқа ие екенін айтты. Алайда, оның сөзінше, бұл байланыстарға ықпал ететін және оларды күрделендіретін бірқатар жайттар да бар.

Өз кезегінде, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеудің Сириядағы өтпелі кезеңнің барысын мұқият қадағалап отырғанын және сириялық халықтың қазіргі қиындықтарды еңсеріп, елдегі жағдайды толық тұрақтандыруына шын жүректен тілектес екенін жеткізді.

Лавровтың айтуынша, Ресей тарапы Сирия президенті Ахмед аш-Шараа 15 қазанда өтеді деп жоспарланған Ресей мен Араб мемлекеттері лигасының алғашқы саммитіне қатысады деп үміттенеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.