Евразия24ЖаңалықтарЕурокомиссия Украинаға дрондар мен зымырандар сатып алуға 3,3 млрд еуро бөледі

Еурокомиссия Украинаға дрондар мен зымырандар сатып алуға 3,3 млрд еуро бөледі

|

|

Брюссель. 18 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Еуропалық комиссия Украинаға қару-жарақ сатып алуға 3,3 млрд еуро аударатынын мәлімдеді. Қаражат Украинаға қолдау көрсетуге арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасы аясында жұма күні Киевке беріледі.

Бір күн бұрын Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескеннен кейін бұл қаржының «дрондар мен зымырандар сатып алуға» жұмсалатынын айтқан еді.

«Бұл – бағдарламаның қорғаныс шығындарына арналған бөлігі бойынша Украинаға берілетін төртінші транш. Осы төлемді қоса есептегенде, биыл Еурокомиссия Украинаға қорғаныс пен басқа да қолдау шараларына шамамен 15 млрд еуро бөлген болады. Жалпы көлемі 90 млрд еуро болатын несие бағдарламасының 30 млрд еуросы бюджетке қолдау көрсетуге, 60 млрд еуросы 2026–2027 жылдардағы қорғаныс қажеттіліктеріне арналған», – делінген Еурокомиссия хабарламасында.

Еурокомиссия қару-жарақ жеткізуді жеделдету әлі де басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Ол үшін ЕО елдерінің қолда бар қорын пайдалану, тапсырыстардың кезегін қайта қарау және өндіріс көлемін арттыру көзделіп отыр.

Сондай-ақ Урсула фон дер Ляйен 16 қыркүйекте Еуропарламентте Еуроодақтың жағдайы туралы баяндамасында SAFE бірлескен қорғаныс сатып алулары қорының қалған қаражатын ЕО мен Украинаның жаңа ортақ бағдарламасына бағыттауға дайын екенін мәлімдеген. Ол бұл ұсынысын 17 қыркүйекте Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескен кезде де растады.

Фон дер Ляйеннің айтуынша, жаңа бастама қолданыстағы Freya зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің негізінде Еуропаның әуе және зымыран шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін құруды көздейді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Трамп жеңілісінен кейін АҚШ саясаты қалай өзгереді?

 АҚШ-та өткен аралық сайлау Республикалық партия кандидаттарының ойсырай жеңілуімен аяқталды. Демократиялық партия Сенат пен Өкілдер палатасының екеуінде де басымдыққа ие болды. Штат губернаторларын сайлау нәтижелері әзірге толық шығарылған жоқ. Дегенмен бұл сайлауда да демократтардың айтарлықтай басымдыққа қол жеткізетініне күмән жоқ. Енді Трамптың саяси қарсыластары оның ішкі және сыртқы саясаттағы бастамаларына заңнамалық деңгейде тосқауыл қоюға толық мүмкіндік алды. Республикашылардың жеңіліске ұшырауының себебі айқын: президенттік мерзімінің алғашқы екі жылында Трамп сайлаушылардың үмітін жүйелі түрде ақтамады. Ол 2024 жылғы президент сайлауына нақты міндеттерді жүзеге асыруға уәде беріп қатысқан еді. Атап айтқанда:

Қазақстан мұнай өндірісінің көлемін көбейтуді жоспарлап отыр

Қазақстан 2027 жылы мұнай өндіру көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. «Әзірге (2026 жылы – ҚазТАГ) жоспарға сай жұмыс істеп жатырмыз. Биыл 96 млн тонна мұнай өндіру көзделген. Келесі жылдың көрсеткішін қазір нақтылап жатырмыз.

Каспийдегі әскери қызметшілердің өлімі: Бас прокуратура тергеу барысын жариялады

Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты ІІМ-нің әскери-тергеу органдары қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр.

Жекпе-жек чемпионы Ұлттық ұланның арнайы жасағына қабылданды

Бүркіт» арнайы жасағына тұңғыш рет әйел әскери қызметші қабылданды. «Китана» лақап атымен танылған Қымбат бұған дейін халықаралық жарыстарда Қазақстан намысын қорғап келсе, енді еліміздегі ең таңдаулы арнайы жасақтардың бірінің жауынгері атанды.