Евразия24ЖаңалықтарЕуропаның тоғыз елі шекарада биометриялық бақылауды енгізуді кейінге қалдырды

Еуропаның тоғыз елі шекарада биометриялық бақылауды енгізуді кейінге қалдырды

|

|

МӘСКЕУ. 15 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Еуропаның тоғыз елі автоматтандырылған кіру және шығу жүйесі (EES) аясында шекарадағы биометриялық бақылауды енгізуді белгісіз мерзімге шегерді, деп хабарлайды The Independent.

Басылымның жазуынша, жазда Еуропа әуежайларында EES биометриялық жүйесінің енгізілуіне байланысты ұзын-сонар кезек пайда болған. Осыдан кейін Франция, Бельгия, Нидерланд, Германия, Грекия, Мальта, Португалия, Италия және Швейцария жаңа тәртіпті кейінге қалдыруға шешім қабылдаған. Бұл туристердің шекарадан кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін жасалып отыр.

EES жүйесі 2025 жылғы қазанда іске қосылып, биыл сәуірде толық қолданысқа енгізіледі деп жоспарланған еді. Кейін елдерге 150 күндік өтпелі кезең берілді. Осы уақыт аралығында әуежайларда жолаушылар легі шамадан тыс көбейген жағдайда биометриялық тексеруді уақытша тоқтатуға мүмкіндік болды.

«Өтпелі кезең 6 қыркүйекте аяқталғанына қарамастан, тоғыз ел Еурокомиссияға биометриялық бақылауға қажетті технологиялар мен бағдарламалық жасақтама толық әрі тұрақты жұмыс істегенге дейін жаңа тәртіпті енгізбейтінін хабарлады», – деп жазады The Independent.

Алайда бұл шешім Брюссельдегі Eurostar терминалы мен Антверпен портына, сондай-ақ Франкфурт және Амстердамдағы Схипхол әуежайларына қатысты емес. Бұл нысандарда биометриялық бақылау қолданыла береді.

Еуропалық әуе компаниялары мен әуежайлардың басшылары да шекарадағы биометриялық бақылауды кемінде 2027 жылғы сәуірге дейін кейінге қалдыру қажет деп санайды. Осы уақыт ішінде қызметкерлер санын көбейтіп, EES жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Автоматтандырылған кіру және шығу жүйесі (EES) Шенген аймағына Еуроодаққа кірмейтін елдерден келетін азаматтарды бақылауға арналған. Бұл тәртіп 180 күн ішінде 90 күннен аспайтын қысқа мерзімді сапарларға қолданылады.

Шенген аймағына алғаш кірген кезде үшінші елдердің азаматтарынан биометриялық деректер алынады. Жолаушының жеке мәліметтері электрондық жүйеге енгізіледі. Паспортқа бұрынғыдай мөр басудың орнына құжат электрондық құрылғы арқылы тексеріледі. Жүйе адамның бұған дейін тіркелген-тіркелмегенін автоматты түрде анықтайды.

Шенген елдері арасындағы кейінгі сапарларда биометриялық деректер қайта алынбайды. Entry/Exit System базасындағы мәліметтер үш жыл сақталады, содан кейін оларды қайта жаңарту қажет.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ормуз бен Баб-эль-Мандеб: ғасырларға созылған тартыс

Байқаушылар Конгреске өткен аралық сайлаудан кейін АҚШ Иран мен Йемендегі хуситтерге қарсы әскери қимылдарын қайта бастайды деп болжайды. Пентагон мен Израильдің Қорғаныс армиясы бәрін келісіп қойған, енді Ақ үйдің саяси шешімін күтіп отыр. Ормуз бен Баб-эль-Мандеб бұғаздарын АҚШ бақылауына алу үшін Дональд Трамп қандай да бір тың тәсіл ұсына ала ма? Екіталай. Әлем үшін айрықша маңызды осы екі теңіз жолы соңғы бірнеше ғасырда не көрмеді дейсіз.

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.