Евразия24ЖаңалықтарФон дер Ляйен Еуропарламенттегі саяси күштердің қолдауын сақтауға тырысады

Фон дер Ляйен Еуропарламенттегі саяси күштердің қолдауын сақтауға тырысады

|

|

БРЮССЕЛЬ. 15 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Еуропалық саясатты жазатын БАҚ 16 қыркүйекте Еуропарламентте өтетін Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйеннің Еуроодақтың жай-күйі туралы бағдарламалық баяндамасына назар аударып отыр. Сарапшылардың пікірінше, жаңа саяси жылға арналған басымдықтарды жариялау фон дер Ляйен үшін оңай болмайды.

«Биылғы сөз жанартаудың үстінен тартылған арқанмен жүргендей болмақ», – деп келтіреді Politico Еуропарламенттің халықаралық сауда комитетінің төрағасы Бернд Лангенің сөзін.

Басылым ЕО шенеуніктері мен Еуропарламент депутаттарына сілтеме жасап, фон дер Ляйеннің көші-қон мәселесінде қатаң ұстаным танытып, сонымен бірге экологиялық талаптарды сақтауға уәде беруі қажет екенін жазады. Бұған қоса, ол Еуропарламенттегі өзара келісімі әлсірей бастаған саяси күштердің қолдауын жоғалтпауы керек.

Еурокомиссия төрағасы заңнамалық бастамаларын өткізу үшін оңшыл орталық пен солшыл орталықтағы саяси күштердің қолдауына сүйеніп келеді.

Алайда Politico дерегінше, соңғы уақытта олардың арасындағы келіспеушілік күшейе бастаған. Сондықтан екі тарап та фон дер Ляйеннің сөзін мұқият тыңдап, өз ұстанымдарына қайшы келетін тұстарға ерекше назар аудармақ.

«Социалистер мен демократтардың прогрессивті альянсы» фракциясының жетекшісі Ираче Гарсиа Перес Еурокомиссия төрағасының баяндамасы қарсаңында жолдаған хатында солшыл орталықтың қандай жағдайда қолдауын қайтарып алуы мүмкін екенін ескертті. Оның айтуынша, фон дер Ляйен экологиялық саясат жөніндегі міндеттемелерден бас тартса немесе әсіре оңшыл күштермен ынтымақтастыққа қарсы нақты ұстаным білдірмесе, фракция оны қолдамауы мүмкін.

Ал оңшыл орталықтағы Еуропалық халық партиясының депутаттары өз талаптарын алға тартты. Олар мемлекеттік реттеуді одан әрі азайтуды, көші-қон дағдарысына қарсы батыл шаралар қабылдауды және жасанды интеллектіні қатаң шектеуден гөрі оның дамуына басымдық беруді талап етіп отыр.

Технологиялық компаниялар басшыларының жасанды интеллектінің даму қарқынын бәсеңдету туралы соңғы ұсыныстарына қатысты Еуропалық халық партиясының Нидерландтан сайланған депутаты Дирк Готинк бұл тақырып фон дер Ляйен баяндамасында кеңінен қамтылады деп күтетінін айтты.

«Жасанды интеллектінің дамуын бәсеңдету керек пе, жоқ па деген мәселеге ерекше назар аударылады деп ойлаймын. Егер бұл үдерісті баяулатқыңыз келсе, онда сол компанияларды Еуропаға көшіріңіз», – деді ол.

Politico-ның болжамынша, барлық саяси күштің көңілінен шығу қиын болғандықтан, фон дер Ляйен әр тарапқа белгілі бір дәрежеде жол беріп, коалицияның тұтастығын сақтауға тырысуы мүмкін. Солшыл күштердің қолдауын сақтау үшін Израильдің заңсыз қоныстарымен сауданы тоқтату жөнінде бастама көтеруі ықтимал. Ал Еуропалық халық партиясы үшін Frontex шекара агенттігін күшейту, ЕО елдеріне көші-қон дағдарысына қарсы әрекет етудің жаңа құқықтық тетіктерін беру және жасанды интеллект саласындағы әзірлемелерді жеделдету жөніндегі ұсыныстар маңызды болуы мүмкін.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ормуз бен Баб-эль-Мандеб: ғасырларға созылған тартыс

Байқаушылар Конгреске өткен аралық сайлаудан кейін АҚШ Иран мен Йемендегі хуситтерге қарсы әскери қимылдарын қайта бастайды деп болжайды. Пентагон мен Израильдің Қорғаныс армиясы бәрін келісіп қойған, енді Ақ үйдің саяси шешімін күтіп отыр. Ормуз бен Баб-эль-Мандеб бұғаздарын АҚШ бақылауына алу үшін Дональд Трамп қандай да бір тың тәсіл ұсына ала ма? Екіталай. Әлем үшін айрықша маңызды осы екі теңіз жолы соңғы бірнеше ғасырда не көрмеді дейсіз.

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.