Евразия24ЖаңалықтарФранцияда сот Саркозидің апелляциясын 2026 жылы қарайды

Францияда сот Саркозидің апелляциясын 2026 жылы қарайды

|

|

Париж. 13 қараша. ИНТЕРФАКС – Париж соты Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозидің «ливиялық іс» бойынша апелляциялық шағымын 2026 жылдың көктемінде қарай бастайды. Бұл туралы француз БАҚ-тары Париж апелляциялық сотына сілтеме жасап хабарлады.

Сот процесі 16 наурыз бен 3 маусым аралығында өтуі жоспарланған.

Саркозиден бөлек, бұл іс бойынша тағы тоғыз адам айыпталуда, олардың қатарында экс-президенттің бұрынғы серіктестері де бар.

25 қыркүйекте сот Саркозиді бес жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, бұл жазаның бір бөлігін шартты түрде орындауды белгіледі. Оған 2007 жылғы президенттік сайлауалды науқанын сол кездегі Ливия басшысы Муаммар Каддафиден қаржыландыру ісіне байланысты айып тағылған. Сот Саркозидің науқанды заңсыз қаржыландырғанын растамағанымен, оның тікелей ықпалымен жұмыс істеген серіктестерінің Ливиядан қаржылай қолдау алу әрекеттеріне жол бергенін және дипломатиялық жауап шараларын қарастырғанын атап өтті.

21 қазанда Саркози жазасын өтеу үшін Париждегі Санте түрмесіне жеткізілді. Алайда 20 күннен кейін ол босатылып, сот бақылауына алынды. Бақылау шарттары бойынша, оған Франция аумағынан шығуға тыйым салынған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Алауыздыққа жол бермеу керек!

Бұған дейін айтқанымыздай, Қазақстандағы саяси-ақпараттық үдерістің нүктесі әлі қойылған жоқ. Соңғы уақытта БАҚ, әлеуметтік желілер, журналистер мен блогерлер төңірегінде болған оқиғаларға назар аударсақ, ақпарат кеңістігіндегі шектен шыққан бағыттарды тежеу үрдісі байқалады. Әңгіме жұрт назарын бірден аударатын ресурстар туралы. Олардың авторлары Қазақстандағы және әлемдегі оқиғаларға өзіндік баға береді, ашық ұстанымын білдіреді. Бұл пікірді қолдайтындар да, оған қарсы шығатындар да аз емес. Әр жарияланымы сан алуан пікір туғызып, кейде оқырмандардың өзара тартысына ұласатын мұндай алаңдар қоғамдық пікірге ықпалымен ерекшеленеді. Біздің ұстанымымызды бірден айта кетейік: қазіргі жағдайда мұндай шараларға барудың өз себебі бар және оны орынды деп санаймыз. Әлемдегі ахуал барған сайын құбылып, алдағы жағдайды болжау қиындап барады. Осындай кезеңде Конституциясын жаңартып, «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» қағидатын басты бағдар еткен Қазақстан үшін қоғамдық пікір мен ақпарат кеңістігінде экстремистік көзқарастардың таралуына жол бермеу аса маңызды.

Блогермен билеген екі полицей қызметінен айырылды

Астанада мысырлық тревел-блогермен бірге билеген екі полиция қызметкері жұмыстан шығарылды.«Қызметкерлер қызметтік әдеп нормалары мен ішкі істер органдары қызметкерлеріне қойылатын мінез-құлық талаптарын бұзды.

БРИКС саммитінде Нью-Дели декларациясы қабылданды

Reporter мәліметінше, көлемі 45 беттен тұратын құжатқа 140 тармақ енген. Онда БРИКС елдерінің халықаралық қауіпсіздік, қақтығыстардың алдын алу, әлемдік сауда, энергетика, жаһандық институттарды реформалау және басқа да мәселелер жөніндегі ұстанымдары қамтылған. 

Жауапкершілік пен өкілеттіктің арасы алшақ

Құрылтай депутаты, «Әділет» фракциясының мүшесі Екатерина Смышляева көп күттірген жоқ. Алғашқы ұйымдастыру отырысынан кейін өткен екінші пленарлық мәжілістің өзінде ол көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан мәселені көтеріп, депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, мүлік иелері бірлестігі (МИБ) төрағаларына жүктелетін жауапкершілік олардың өкілеттігіне сай емес.