Евразия24ЖаңалықтарИзраиль басшысы Сириядағы друздарға шұғыл гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды

Израиль басшысы Сириядағы друздарға шұғыл гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды

|

|

Иерусалим. 18 шілде. ИНТЕРФАКС – Израильдің сыртқы істер министрі Гидеон Саар Сирияның Эс-Сувейда провинциясындағы гуманитарлық дағдарысқа байланысты жергілікті друз қауымына жедел көмек жеткізуді бұйырды. Бұл туралы жұма күні Израиль СІМ X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

«Министр Гидеон Саар Эс-Сувейдеде орын алған қақтығыстар мен ауыр гуманитарлық жағдайға байланысты друз қауымына жедел гуманитарлық көмек жөнелтуді тапсырды», – деді.

Көмек көлемі Израиль СІМ бюджетінен бөлінген 2 млн шекельді (шамамен 600 мың АҚШ доллары) құрайды. Оның құрамына азық-түлік, медициналық жабдықтар, алғашқы көмек қобдишалары мен дәрі-дәрмек кіреді.

Jerusalem Post басылымының хабарлауынша, гуманитарлық көмек жіберу шешімі Сирия үкімет күштерінің Эс-Сувейдеге қайта орналасуға дайындалып жатқаны туралы ақпарат тарағаннан кейін қабылданған. Бұл мәліметті бұған дейін Батыс БАҚ Сирия ІІМ өкіліне сілтеме жасап жариялаған болатын.

Друзы – Ливан, Сирия, Иордания және Израильде тұратын араб этноконфессионалдық тобы. Олар тәухид деп аталатын ерекше сенімді ұстанады.

Бұған дейін Сирия үкімет әскері Эс-Сувейде провинциясынан шығып, аймақта атысты тоқтату режимі енгізілген. Қоғамдық тәртіпті сақтау жауапкершілігі билік пен друз қауымының рухани көшбасшыларынан құралған комитетке тапсырылған еді.

Алайда уақытша президент Ахмед аш-Шараа кейін Эс-Сувейдедегі друз жасақтарын бітім режимін бұзды деп айыптап, Израильдің Сирияның ішкі істеріне «айқын араласуы» өңірдегі жағдайды одан әрі ушықтырып жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Израильдің Сирияның оңтүстік-батыс шекарасындағы демилитаризацияланған аймақты және жергілікті друз халқын қорғауға қатысты міндеттемелері бар екенін еске салған болатын.

16 шілде күні Израиль Қорғаныс армиясы Сирия Қарулы күштері Бас штабының ғимараты мен Дамасктегі президент сарайына соққы жасаған.

14 шілде күні Эс-Сувейдеде үкімет күштері мен друздар арасындағы қақтығыс салдарынан кемінде 34 адам қаза тапты.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.