Евразия24ЖаңалықтарКамбоджа аумағына жасалған артиллериялық соққылар салдарынан 10-нан астам адам қаза тапты

Камбоджа аумағына жасалған артиллериялық соққылар салдарынан 10-нан астам адам қаза тапты

|

|

Гонконг, 26 шілде. ИНТЕРФАКС. Таиланд қарулы күштерінің Камбоджа аумағына бағыттаған артиллериялық соққыларының салдарынан 10-нан адам қаза тауып, 70-тен астамы жарақат алды. Бұл туралы Khmer Times газеті Камбоджа Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Мали Сочеатқа сілтеме жасап хабарлады.

Ресми деректерге сәйкес, шабуыл нәтижесінде бес әскери қызметші мен сегіз бейбіт тұрғын қаза тапқан. Сонымен қатар, 21 әскери қызметші мен 50 азаматтық тұлға түрлі деңгейдегі жарақат алған.

Қауіпсіздік мақсатында төрт провинция аумағынан 35 800 адам эвакуацияланған.

Министрлік өкілі Таиланд тарапының әскери әрекеттері қақтығыс шекарасынан тыс аймақтарға да таралғанын хабарлады. Оның айтуынша, сенбі күні таңғы сағат 5:02-де Таиланд армиясы бірнеше елді мекенге бес ауыр артиллериялық снаряд жіберген. Аталған аймақтар қақтығыс ошағынан алыс орналасқан. Соққылардың нәтижесінде әскери нысандармен қатар азаматтық инфрақұрылым да зардап шеккен.

Бұған дейін, бейсенбі күні таңертең, Таиландтың Сурин провинциясында орналасқан, иелік мәселесі шешілмеген Та Муен Том тарихи ескерткіші маңында Камбоджа мен Таиланд күштері арасында қарулы қақтығыс орын алған. Тараптар бір-бірін әскери іс-қимылдарға арандатты деп айыптауда.

Малайзия Премьер-министрі Анвар Ибрагимнің мәлімдеуінше, екі ел билігі шекара бойында атысты тоқтату туралы келісімге келген. Алайда, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жұма күні де артиллериялық атыстар жалғасқан.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.