Евразия24ЖаңалықтарКипр Президенті Қазақстанға елдер арасындағы алғашқы тікелей әуе рейсімен келді

Кипр Президенті Қазақстанға елдер арасындағы алғашқы тікелей әуе рейсімен келді

|

|

Астана. 3 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Кипр Президенті Никос Христодулидис сәрсенбі күні Қазақстанға ресми сапармен келді. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен шағын құрамда өткен келіссөздер барысында Кипр басшысы Қазақстанға екі ел арасындағы алғашқы тікелей әуе рейсімен келгенін атап өтті.

«Өкілді бизнес-делегациямен бірге Кипрден Қазақстанға алғашқы тікелей рейспен келгеніме өте қуаныштымын», – деді Никос Христодулидис келіссөз барысында.

Кипр Президентінің айтуынша, екі ел арасында ынтымақтастықты кеңейту үшін айтарлықтай әлеует бар.

«Бүгінгі келіссөздер екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп сенемін. Сонымен қатар мен Қазақстанға басқа бір мәртебеде де келіп отырмын. Қазіргі уақытта менің елім Еуропалық Одақ Кеңесіне төрағалық етуде. Осы өңірдің, әсіресе Қазақстанның маңыздылығын ескере отырып, Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту жолдарын талқылауға дайынмын», – деді Кипр Президенті.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Кипр серіктестікті дамыту бағытында елеулі нәтижелерге қол жеткізгенін айтты.

«Біз мемлекеттеріміздің астаналарында елшіліктер аштық. Екі ел арасында тікелей әуе қатынасы іске қосылды және басқа да маңызды бастамалар жүзеге асырылды. Сонымен қатар екіжақты ықпалдастықты одан әрі кеңейту үшін зор әлеует бар деп санаймын. Өз тарапымнан ынтымақтастығымызды түрлі бағыттар бойынша дамыту үшін бар күш-жігерімді салуға дайынмын», – деді Қазақстан Президенті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Трамп Вашингтонда салтанатты арканы ұшқышсыз ұшу аппараттары мен снайперлерді орналастыру үшін пайдалануды жоспарлап отыр

Вашингтонда салынуы жоспарланып отырған салтанатты аркада әскери мақсаттағы жабдықтар орнатылады, деп мәлімдеді жексенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамп.

Чилидің экс-президенті Бачелет БҰҰ бас хатшысы қызметі үшін күрестен бас тартады

Чилидің бұрынғы президенті Мишель Бачелет БҰҰ бас хатшысы қызметі үшін күресті тоқтататынын мәлімдеді.

Трамп ЖИ бойынша арнайы құрылымдар құру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді

АҚШ Президенті Дональд Трамп бұл саланың одан әрі дамуына қатысты мәселелерді шешуге қатысу үшін «жасанды интеллект күштерін» — арнайы құрылым құратынын мәлімдеді.

КХДР шығыс бағытта тағы бір зымыран ұшырды

Оңтүстік Корея әскери қолбасшылығының деректеріне сілтеме жасай отырып «Ренхап» агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні КХДР армиясы Жапон теңізі бағытында тағы бір зымыран ұшырды.