Евразия24ЖаңалықтарКөпполярлы әлем стратегиялық тұрақтылыққа кепілдік береді

Көпполярлы әлем стратегиялық тұрақтылыққа кепілдік береді

|

|

Бейжің. 16 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Көпполярлы әлем жаһандық қауіпсіздік жүйесін нығайтып, стратегиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Қытайда өтіп жатқан XIII Бейжің Сяншань форумында Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары – статс-хатшы Анна Цивилева мәлімдеді.

«Көпполярлы әлем жаһандық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға және стратегиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Ал стратегиялық тұрақтылық – әлемнің дамуы мен өркендеуінің негізгі шарттарының бірі», – деді ол.

Цивилеваның айтуынша, көпполярлылық шекарадағы оқыс оқиғалар мен қақтығыстардың алдын алуға, терроризмге қарсы іс-қимылды үйлестіруге, гуманитарлық мәселелерді шешуге және бітімгерлік жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

«Көпполярлы әлемнің екіжақты әскери ынтымақтастыққа да берері мол. Әр мемлекет сыртқы қысымға бағынбай, өз мүддесі мен ынтымақтастықтан күтетін нәтижесін ескере отырып, әскери саладағы негізгі серіктестерін өзі таңдай алады», – деді Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары.

Оның айтуынша, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікте көпполярлылықтың күшеюін барлық тарап бірдей қолдай бермейді. Цивилева Азия-Тынық мұхиты аймағына да әсер еткен халықаралық ахуалдың шиеленісуін жаңа жабық блоктардың құрылуымен байланыстырды.

«Осындай жағдайда да диалог жүргізуге мүмкіндік бар деп санаймыз. Мәскеу тұрақтылық пен өркендеу құндылықтарын қолдайтын барлық тараппен байланыс орнатып, бірлесіп жұмыс істеуге дайын. Ресей Қорғаныс министрлігі халықаралық әскери ынтымақтастықты осы қағида негізінде екіжақты және көпжақты форматта дамытып келеді. Бүгінде әскери ведомстволардың өзара іс-қимылы жаһандық және өңірлік тұрақтылықты сақтауға жағдай жасауға бағытталуға тиіс. Бұл ең алдымен Азиядағы ҰҚШҰ, ШЫҰ және «АСЕАН қорғаныс министрлерінің кеңесі плюс» секілді көпжақты алаңдардағы ынтымақтастыққа қатысты», – деді Цивилева.

Ол осы тұрғыда Ресей мен Қытайдың қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығы ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Цивилеваның сөзінше, әлемдегі стратегиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуде барлық мемлекеттік органдар, соның ішінде қорғаныс ведомстволары арасындағы диалог пен өзара іс-қимылға басымдық берілуге тиіс.

Сонымен қатар ол гуманитарлық ынтымақтастықтың мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтуға кең мүмкіндік беретінін айтты.

«Ресей табиғи апаттан, техногендік апаттан немесе індеттен зардап шеккен кез келген мемлекетке көмек көрсетуге әрдайым дайын», – деді Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан мен Оңтүстік Корея парламентаралық ынтымақтастықты нығайтады

ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Құрылтайының депутаттары Корея Республикасымен парламентаралық байланысты одан әрі дамытады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Хуситтер Сауд Арабиясының F-15 жойғыш ұшағын атып түсіргенін мәлімдеді

Йемендегі «Ансар Аллах» қозғалысы (хуситтер) Сауд Арабиясы Әскери-әуе күштерінің F-15 жойғыш ұшағын Мариб провинциясының үстінде атып түсіргенін мәлімдеді. The National басылымының хабарлауынша, бұл туралы қозғалыстың әскери өкілі генерал Яхья Сари айтқан.

АҚШ Иранның бір шабуылына тойтарыс беру үшін 70-тен астам зымыран жұмсаған

Өткен аптада Иорданиядағы Муваффак Салти әуе базасына Иран жасаған шабуыл кезінде АҚШ әскері 70-тен астам зымыран ұшырған. Бұл туралы The Wall Street Journal (WSJ) дереккөздеріне сілтеме жасап жазды.

Қытай елге кіру талаптарын қатаңдатты

15 қыркүйектен бастап Қытайға кіру және елден шығудың жаңартылған тәртібі күшіне енді. «Қытайға баратын немесе елден ұшып шығатын жолаушылар сапарға қажетті құжаттарының, соның ішінде паспортының бар-жоғын және жарамдылық мерзімін алдын ала тексергені жөн.