Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан делегациясын БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясына Сыртқы істер министрі бастап барады

Қазақстан делегациясын БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясына Сыртқы істер министрі бастап барады

|

|

Астана. 16 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған Қазақстан делегациясы Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы жоғары деңгейдегі апталығына қатысады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді.

«Қазақстан үшін жоғары деңгейдегі апта – ұлттық және өңірлік бастамаларды ілгерілетуге, екіжақты байланыстарды нығайтуға және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ортақ шешімдер әзірлеуге мүмкіндік беретін маңызды алаң. Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді басқарады», – деді Үсенов сәрсенбі күні СІМ-де өткен брифингте.

Оның айтуынша, сапар бағдарламасы аясында Мұхтар Тілеуберді Бас Ассамблеяның жалпы пікірталасында сөз сөйлеп, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездеседі. Сондай-ақ бірқатар елдің сыртқы саяси ведомство басшыларымен, халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен және шетелдік бизнес өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізеді.

«Қазақстан делегациясы өңірлік ұйымдар мен көпжақты бірлестіктердің бейресми отырыстарына, Бас Ассамблея аясындағы іс-шараларға, сондай-ақ Орталық Азия елдері сыртқы істер министрлерінің консультацияларына қатысады», – деді Үсенов.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясындағы жоғары деңгейдегі апта Нью-Йоркте 22–28 қыркүйек аралығында өтеді.

Сессияның тақырыбы – сенімді қалпына келтіру, өзгерістерді басқару және БҰҰ қызметін баршаға тиімді ету. Кездесулерде бейбітшілік пен қауіпсіздықты сақтау, Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді жеделдету, климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл және қоршаған ортаны қорғау, адам құқықтары, жасанды интеллект секілді жаңа технологияларды реттеу, сондай-ақ БҰҰ-ны реформалау мәселелері талқыланады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.