Евразия24ЖаңалықтарМәжіліс ЕАЭО мен БАӘ арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісімді ратификациялауды мақұлдады

Мәжіліс ЕАЭО мен БАӘ арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісімді ратификациялауды мақұлдады

|

|

Астана. 17 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Парламент Мәжілісі сәрсенбі күні өткен жалпы отырыста «Бір жағынан, Еуразиялық экономикалық одақ және оған мүше мемлекеттер мен екінші жағынан, Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, келісімге 2025 жылы 27 маусымда Минск қаласында қол қойылған. Құжаттың негізгі мақсаты – ЕАЭО елдері мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, сондай-ақ қазақстандық өнімдердің Әмірліктер нарығына шығуына қолайлы жағдай жасау.

«Келісім аясында тараптар тауар номенклатурасының 85 пайыздан астамы бойынша импорттық кедендік баждарды алып тастауға келісті. Сонымен қатар бизнеске бейімделуге мүмкіндік беру үшін кедендік баждарды кезең-кезеңімен жою және өзара сауданы біртіндеп ырықтандыру қарастырылған», – деді министр.

БАӘ тарапы ЕАЭО елдеріне қатысты 6 мың 757 тауарлық позиция бойынша преференциялар ұсынады. Оның ішінде 6 мың 565 позиция бойынша импорттық кедендік баж мөлшерлемелері нөлге дейін төмендетіледі. Ал 192 тауарлық позиция бойынша ЕАЭО елдерінен бажсыз импорттауға мүмкіндік беретін тарифтік квоталар енгізіледі.

Қабылданған заң енді Сенаттың қарауына жіберіледі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Qarmet өндірісті жаңғыртуға жоспарланған 3,5 млрд доллардың 2,7 млрд доллардан астамын жұмсады

Қазақстандық Qarmet металлургия комбинаты өндірісті жаңғыртуға жоспарланған 3,5 млрд доллардың 2,7 млрд доллардан астамын инвестициялады. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда мәслихат сайлауына 10,9 мыңнан астам кандидат тіркелді

Қазақстанда 29 қарашаға белгіленген мәслихат депутаттарының сайлауына кандидаттар ұсыну және тіркеу кезеңі аяқталды. Бұл туралы дүйсенбі күні Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Qarmet жылына 540 мың тонна өнім шығаратын жаңа прокат цехын 2026 жылдың соңына дейін іске қоспақ

Қазақстандық Qarmet металлургия комбинаты жылына 540 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы жаңа сұрыптық прокат цехын биылғы жылдың соңына дейін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аджманда алты қонақүйдің жағажайы қайта ашылды, Рас-әл-Хаймада шектеулер әлі күшінде

Біріккен Араб Әмірліктерінің Аджман әмірлігінде су сапасы тексерілгеннен кейін алты қонақүйдің жағажайы қайта ашылды. Ал Рас-әл-Хаймада жағажайлар әзірге жабық. Бұл туралы дүйсенбі күні Ресей туризм индустриясы одағы (РТӨ) хабарлады.