Евразия24ЖаңалықтарMSC Каспий жағалауындағы порттарды дамытуға инвестиция салмақ

MSC Каспий жағалауындағы порттарды дамытуға инвестиция салмақ

|

|

Астана. 24 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның Mediterranean Shipping Company (MSC) компаниясының аға вице-президенті Эдуард Зигристпен кездесіп, еліміздегі көлік және логистика саласындағы инвестициялық жоспарларды талқылады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Тоқаевтың Бельгияға ресми сапары аясында өткен кездесуде Президент Эдуард Зигристке Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) әлеуетін арттыру бойынша қолға алынған нақты шаралар туралы айтып берді. Әсіресе, контейнерлік тасымал үлесін ұлғайту мәселесіне ерекше назар аударылды.

Мемлекет басшысының мәліметінше, Қазақстан Әзербайжан және Грузиямен бірлесіп ұзақмерзімді бірыңғай тарифтік модель әзірлеп жатыр. Сонымен қатар Каспий теңізіндегі жүк кемелері флотын кеңейту, Әзербайжанмен бірге теңіз түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу және Құрық портын жаңғырту секілді маңызды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда.

«Осы тұрғыда Мемлекет басшысы компанияның Каспий жағалауындағы порт инфрақұрылымына инвестиция салуға қызығушылық танытуын құптады. Оның айтуынша, мұндай жобалар аталған бағыттың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, Азия мен Еуропа арасындағы жүк тасымалы көлемінің өсуіне ықпал етеді», – делінген хабарламада.

Өз кезегінде MSC компаниясының аға вице-президенті Президентке компанияның ұзақмерзімді инвестициялық жоспарлары туралы мәлімет берді. Олардың қатарында Қазақстандағы логистикалық терминалдарға, теміржол активтеріне, порт инфрақұрылымына, теңіз қызметтеріне және жүк әуе тасымалына инвестиция салу көзделген.

Қасым-Жомарт Тоқаев контейнерлік тасымал саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын MSC компаниясының Қазақстан нарығында жұмыс істеуін жоғары бағалады. Президент қазіргі таңда Орта дәлізді дамыту еліміз үшін стратегиялық басымдықтардың бірі екенін атап өтті.

Транскаспий халықаралық көлік бағыты, яғни Орта дәліз, Қытай мен Еуропаны Қазақстан, Каспий теңізі, Әзербайжан, Грузия және Түркия аумақтары арқылы байланыстырады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ қор нарығына геосаяси ахуал әсер етті

Дүйсенбі күнгі саудада АҚШ қор нарығы индекстерінің қозғалысы әркелкі.

Крикет жұлдыздары түрмедегі Имран Ханға тиісті медициналық көмек көрсетуді талап етті

Крикет командаларының бұрынғы капитандары Алистер Кук, Капил Дев, Адам Гилхрист және бірқатар танымал спортшы қамауда отырған Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі әрі экс-крикетші Имран Ханға тиісті медициналық көмек көрсетуді талап етті. Олар Пәкістан билігін оның денсаулығын толық әрі тәуелсіз тексеруге шақырды, деп хабарлайды Sky News.

Қытай әуедегі нысандарды алыстан жоюға арналған гипердыбыстық қару әзірледі

Қытай әуе нысандарына қарсы зымырандарды алып жүріп, оларды алыс қашықтықтан ұшыруға мүмкіндік беретін гипердыбыстық маневрлі жауынгерлік блок технологиясын әзірледі. Бұл туралы дереккөздерге сілтеме жасаған Bloomberg хабарлады.

Тоқаев Құрылтай сайлауына байланысты құттықтау жолдаған шетелдік әріптестеріне алғыс айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауының өтуіне байланысты құттықтау жолдаған Ресей, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан және Тәжікстан басшыларына алғыс білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.