Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Премьер-министрі сауда желілерін отандық өнімге басымдық беруге шақырды

Қазақстан Премьер-министрі сауда желілерін отандық өнімге басымдық беруге шақырды

|

|

Астана. 4 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов «Қазақстанда жасалған» ұлттық бренді аясындағы өнімдерді қолдау және ілгерілетуге арналған кешенді бағдарлама әзірлеуді тапсырды.

«Сауда министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бір ай ішінде “Қазақстанда жасалған” брендімен шығарылатын өнімдерді қолдау және ілгерілету жөніндегі кешенді бағдарламаны әзірлесін», – деді Бектенов сейсенбі күні Астанада өткен Үкімет отырысында.

Сонымен қатар ол бір ай ішінде халық арасында ең көп сұранысқа ие тауар санаттарын айқындап, олардың әрқайсысы бойынша ішкі нарықтағы отандық өнім үлесін ұлғайтуға арналған нақты нысаналы көрсеткіштер белгілеуді тапсырды.

Премьер-министрдің айтуынша, халық тұтынатын тауарларды өндіретін қазақстандық кәсіпорындар көбіне сауда орындарынан орын алуда қиындыққа тап болады. Бұған, ең алдымен, жалдау ақысының қымбаттығы себеп. Мұндай жағдай ішкі нарықтағы отандық өнімнің үлесін арттыруға кедергі келтіріп, оның бәсекеге қабілеттілігіне кері әсер етеді.

«Сауда желілерінің иелері қазақстандық өнімге деген көзқарасын қайта қарауы қажет. Отандық өнімнің есебінен импорттық тауарларға басымдық беру құқықтық тұрғыдан ғана емес, моральдық тұрғыдан да дұрыс емес», – деді Үкімет басшысы.

Ол мемлекеттік органдарға жеңіл өнеркәсіп пен тұрмыстық химия өнімдерін қоса алғанда, барлық санаттағы отандық өндірушілер үшін сауда алаңдарын жалға алудың қолайлы тетіктерін әзірлеуді тапсырды.

Сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрлігіне «Қазақстанда жасалған» ұлттық брендін ілгерілетуге, отандық өнімдерді кеңінен насихаттауға және оларды негізсіз ақпараттық шабуылдардан қорғауға бағытталған бірыңғай ақпараттық науқан ұйымдастыру жүктелді.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.