Евразия24ЖаңалықтарҚытай АҚШ-тың Венесуэлаға қатысты әрекеттерін айыптады

Қытай АҚШ-тың Венесуэлаға қатысты әрекеттерін айыптады

|

|

Пекин. 7 қаңтар. ИНТЕРФАКС – АҚШ-тың Венесуэладан өз мұнайын беруді талап етуі халықаралық құқыққа қайшы келеді, Қытай мұндай әрекеттерді қабылдамайды. Бұл туралы сәрсенбі күні Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин мәлімдеді.

«АҚШ-тың Венесуэлаға қатысты ашық түрде күш қолдануы, “Америка бәрінен жоғары” қағидатына сүйене отырып, елден мұнай қорларын беруді талап етуі – өрескел қорқыту әрекеті. Бұл халықаралық құқықты өрескел бұзады әрі Венесуэла халқының құқықтары мен мүдделеріне ауыр нұқсан келтіреді. Қытай мұндай әрекеттерді қатаң айыптайды», – деп келтіреді оның сөзін Global Times басылымы.

Мао Нин Қытайдың және Венесуэлада мүддесі бар өзге елдердің заңды құқықтары мен мүдделері қорғалуы тиіс екенін атап өтті.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэланың уақытша билігі бұрын санкцияға ілінген 30–50 млн баррель мұнайды АҚШ-қа береді деп мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, бұл мұнай нарықтық бағамен сатылатын болады. Global Times дерегінше, аталған мұнайдың бір бөлігі тікелей Қытайға сатылуы тиіс болған.

Сонымен қатар ABC телеарнасы дереккөздерге сілтеме жасап, Вашингтон Каракастан Қытай, Ресей, Куба және Иранмен экономикалық байланыстарды үзіп, мұнай саласында тек АҚШ-пен ынтымақтастық орнатуды талап еткенін хабарлаған.

Өз кезегінде Мао Нин Қытай Батыс жарты шардағы өз мүдделерін қорғау үшін қосымша шаралар қабылдай ма деген сұраққа жауап бере отырып, Бейжің Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерімен ынтымақтастықты жалғастыратынын, өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа ықпал ететінін және күш саясатына қарсы тұратынын айтты. Оның сөзінше, Қытай әлемді ықпал аймақтарына бөлуге де қарсы.

Өткен апта соңында АҚШ әскери күштері Каракаста Венесуэла президенті Николас Мадуроны ұстап, оны АҚШ-қа алып кеткен. АҚШ құқық қорғау органдары оны есірткі саудасына қатысы бар деп айыптауда. Ал 5 қаңтар күні Венесуэланың вице-президенті Делси Родригес елдің уақытша президенті ретінде ант қабылдады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Неге жастар үйленуге асықпайды?

 Бұрын «Қашан үйленесің?» деген сұраққа жастардың бірі қызарып, бірі күлімсіреп жауап беретін. Қазір бұл сұрақ кейбіреулер үшін жай әңгіме емес, өмірлік жоспарына араласу сияқты қабылданады. Бірі мансап қуып жүр, екіншісі баспана жинауда, үшіншісі өзіне лайықты адамды кездестіре алмай жүр. Ал ата-аналар болса: «Жасың келді, енді шаңырақ көтеретін уақыт емес пе?» деп алаңдайды. Бір қарағанда, мәселе жастардың отбасын құруға қызығушылығы азайғанында сияқты. Бірақ қазіргі қоғамға тереңірек үңілсек, бұл құбылыстың артында экономика, құндылықтардың өзгеруі, тұрғын үй мәселесі және жеке таңдау еркіндігі тұрғанын байқаймыз. Жастардың үйленуге асықпауы – бір ғана себеппен түсіндірілетін қарапайым мәселе емес.

Тоқаев әлеуметтік саладағы заңсыздықтарға, әсіресе мүгедектік рәсімдеуге назар аударды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде мүгедектігі бар азаматтар санының өсуіне назар аударып, әлеуметтік салада жеңілдіктерді негізсіз пайдалану жағдайлары бар екенін айтты.

Пәкістан Иранмен энергия тасымалы мен кеме қатынасы мәселесін талқылады

Пәкістан Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Исхак Дар Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесіп, энергия ресурстарын жеткізу мен теңіз арқылы жүк тасымалына кедергі келтірмеу қажеттігін айтты. Бұл туралы Dawn басылымы Пәкістан СІМ мәлімдемесіне сүйеніп хабарлады.

Оңтүстік Корея Таяу Шығыста АҚШ-пен ынтымақтасудың жолдарын қарастырып жатыр

Оңтүстік Корея Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелері бойынша АҚШ-пен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын, алайда өңірге әскер жіберуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы сенбі күні «Рёнхап» агенттігі Оңтүстік Корея президенті әкімшілігінің өкіліне сілтеме жасап хабарлады.