Евразия24Жаңалықтар«Самұрық-Энерго» басшысы жаңа қуаттарды іске қосуды жеткілікті бақыламағаны және инвестициялық жобалардың мерзімін...

«Самұрық-Энерго» басшысы жаңа қуаттарды іске қосуды жеткілікті бақыламағаны және инвестициялық жобалардың мерзімін кешіктіргені үшін қызметінен босатылды

|

|

Астана. 28 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Стратегиялық инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу қарқыны қанағаттанарлықсыз болғандықтан, Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Мұндай шешім компанияның стратегиялық инвестициялық жобаларын жүзеге асыру қарқынының қанағаттанарлықсыз болуына, сондай-ақ құрылыс жұмыстары мен жаңа электр энергиясын өндіру қуаттарын іске қосудың белгіленген мерзімдерінің сақталуына жеткілікті бақылау жасалмауына байланысты қабылданды», – делінген хабарламада.

Қызметінен босату туралы шешімді «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасы қабылдады.

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында елдің энергетика саласы жыл сайын электр энергиясының айтарлықтай тапшылығына тап болатынын атап өтті.

Президенттің айтуынша, қыста электр энергиясына сұраныс шарықтаған кезеңдерде көрші елдерден электр энергиясы жоғары бағамен сатып алынады. Ал жазда ол әлдеқайда төмен бағамен кері қайтарылады.

«Ондаған жыл бойы жалғасып келе жатқан қарапайым ғана «бизнес» осы. Мені мұның энергетика саласындағы қалыпты тәжірибе екеніне сендіргісі келеді. Сондықтан кезінде Балқашта құрылысы басталып кеткен жылу электр орталығының жобасы тоқтап қалғанына таңғалуға болмайды. Қазір де Түркістанда, Қызылордада, Алматыда және Екібастұзда электр энергиясын өндіретін жаңа қуаттарды іске қосу мерзімдері бұзылып жатыр», – деді президент.

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы ең ірі мемлекеттік электр энергетикалық холдинг. Компания «Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіреді. Оның акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» қорына тиесілі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Эфиопия Ресейден Су-35 жойғыш ұшақтарының алғашқы партиясын алды

Сондай-ақ Эфиопияға төрт С-400 зениттік зымыран кешенінің батареясы жеткізіледі Дубай....

ШОЛУ: Тоқаев Қазақстанда ел көлеміндегі ауқымды құрылыс басталатынын мәлімдеді

Астана. 28 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: 2027 жылы Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысын бастап, екінші станцияны салу жөнінде келісімге қол қою қажет

Президент уранның мемлекеттік резервін құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды Астана. 28...