Евразия24ЖаңалықтарСуданда үшінші күн қатарынан әскерилердің бақылауындағы аумақтарда электрмен жабдықтау нысандарына дрондармен шабуыл...

Суданда үшінші күн қатарынан әскерилердің бақылауындағы аумақтарда электрмен жабдықтау нысандарына дрондармен шабуыл жасалып жатыр

|

|

Стамбул. 28 қазан. ИНТЕРФАКС – Суданда қарулы күштердің бақылауындағы аумақтарда электрмен жабдықтау жүйесіне дрондармен шабуыл жасау үшінші күн қатарынан жалғасып жатыр. Сәрсенбі күні ұшқышсыз ұшу аппараты Эль-Гезира штатындағы Эль-Менакил қаласының электр станциясына соққы жасады, деп хабарлайды «Анадолу» агенттігі.

Агенттік мәліметінше, шабуыл салдарынан станция істен шығып, қала электр жарығынсыз қалды. Жергілікті дереккөздер «Анадолуға» электр станциясы маңындағы мұнай базасының аумағы мен жанармай құю станциясы да шабуылға ұшырағанын хабарлаған.

Зардап шеккендер мен келтірілген шығынның нақты көлемі туралы ақпарат жоқ.

Дүйсенбі күні Суданның мемлекеттік энергетикалық компаниясы әскерилермен соғысып жатқан Жедел әрекет ету күштерін (ЖӘК) елдің оңтүстік-шығысындағы бес трансформаторлық қосалқы станцияға бір мезгілде дрондармен үйлестірілген шабуыл жасады деп айыптады. Соның салдарынан Суданның төрт провинциясы – Сеннар, Гедареф, Ақ Ніл және Эль-Гезирада электр жарығы өшті. Сонымен қатар елдің бірыңғай энергетикалық жүйесінің тұрақтылығына қауіп төнді.

Сейсенбі күні дрон астанаға іргелес Омдурман қаласындағы электр қосалқы станциясына соққы жасады. Кейін Хартумның едәуір бөлігінде және Ніл провинциясында электрмен жабдықтау үзілістері тіркелді.

Ал «Сабах» басылымы Оңтүстік Дарфур провинциясындағы Ньяла қаласына дронмен шабуыл жасалғанын хабарлады. Бұл қалада Жедел әрекет ету күштерінің өзін-өзі жариялаған әкімшілігі орналасқан. Жергілікті медицина қызметкерлерінің мәліметінше, соққы базарға тиіп, кемінде 36 адам қаза тапқан, тағы 150 адам жараланған.

Суданда елдің қарулы күштері мен Жедел әрекет ету күштері арасындағы қақтығыс 2023 жылғы 15 сәуірден бері жалғасып келеді. Соғыс қимылдары салдарынан кемінде 150 мың адам қаза тауып, 14 миллионнан астам тұрғын үйін тастап кетуге мәжбүр болды. Қазір әскерилер Суданның солтүстігі мен шығысын, соның ішінде Хартумды бақылауда ұстап отыр. Ал Жедел әрекет ету күштері елдің оңтүстігі мен Дарфур аймағын бақылауына алған.

Бұған дейін қақтығысушы тараптар дрондарды қолдануды күшейткен болатын. Атап айтқанда, Суданның қарулы күштері Ньяла қаласына дрондармен шабуыл жасап жүр. Ал Жедел әрекет ету күштері қазан айында Хартумға, соның ішінде қала әуежайына ұшқышсыз ұшу аппараттарымен соққы жасаған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Эфиопия Ресейден Су-35 жойғыш ұшақтарының алғашқы партиясын алды

Сондай-ақ Эфиопияға төрт С-400 зениттік зымыран кешенінің батареясы жеткізіледі Дубай....

ШОЛУ: Тоқаев Қазақстанда ел көлеміндегі ауқымды құрылыс басталатынын мәлімдеді

Астана. 28 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: 2027 жылы Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысын бастап, екінші станцияны салу жөнінде келісімге қол қою қажет

Президент уранның мемлекеттік резервін құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды Астана. 28...