Евразия24ЖаңалықтарТаиланд пен Камбоджа арасындағы қақтығыстың ушығуы ресейлік туристерге әсер етпейді

Таиланд пен Камбоджа арасындағы қақтығыстың ушығуы ресейлік туристерге әсер етпейді

|

|

Москва, 24 шілде. Таиландта демалып жатқан ресейлік туристер үшін ешқандай қауіп жоқ. Олардың демалыс аймақтары Камбоджамен шекарадағы қарулы қақтығыстардан алыс орналасқан. Бұл туралы бейсенбі күні РесейдіңТуризм индустриясы одағы (РСТ) туроператорларға сілтеме жасап хабарлады.

«Ресейліктер жиі баратын негізгі курорттар қақтығыс аймағынан едәуір қашықта орналасқан. Камбоджаға шекара арқылы жасалатын барлық экскурсиялар шекарадағы жағдай ушыққаннан кейін тоқтатылған. Қазіргі уақытта ресейлік туристер қауіпсіз жағдайда, олардың демалысына бұл оқиғалар еш әсер етпей отыр», – делінген РСТ хабарламасында.

Айта кетейік, маусым айының соңында Таиланд билігі Камбоджамен арадағы барлық жер үсті шекара өткелдерін жапты. Осыған байланысты ресейлік туроператорлар Таиландтан Камбоджаға бағытталған барлық экскурсиялардыда тоқтатты.

Бейсенбі күні таңертең БАҚ-та тараған ақпаратқа сәйкес, шекарадағы Сурин провинциясында қарулы қақтығыстар басталған. Қақтығыс Та Муен Том атты көне ғибадатхана маңында өршіп отыр – бұл нысанның қай елге тиесілі екеніәлі де даулы мәселе.

Тай билігінің мәлімдеуінше, қазіргі кезде қақтығыстар алты елдімекенде жалғасуда. Камбоджа Қорғаныс министрлігі болса, бұл ауылдардың барлығы Камбоджа аумағында екенін, және қарулы күштер оларды белсенді қорғап жатқанын хабарлады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.