Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Абай мұрасының қазіргі Қазақстан құндылықтарын қалыптастырудағы маңызын атап өтті

Тоқаев Абай мұрасының қазіргі Қазақстан құндылықтарын қалыптастырудағы маңызын атап өтті

|

|

Астана. 10 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын Абай күнімен құттықтап, ұлы қазақ ойшылының мұрасы қазіргі қоғамның құндылықтарын қалыптастыруда айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Ұлы ойшылдың шығармашылық және зияткерлік мұрасы қазақ және әлем мәдениетінің қазынасында ерекше орын алады. Оның тағылымы – халқымыз үшін адамгершілік бағдар әрі өмірлік жол көрсеткіш. Ол қоғамдағы мәселелерді бүкпесіз айтып, жұртты енжарлық пен жалқаулықтан сақтандырды. Абайға тиесілі «Толық адам» идеясы – мазмұны терең әрі қай кезеңде де өзекті тұжырым. Басқаша айтқанда, бұл – адамның өзін-өзі жетілдіруі мен рухани кемелдену жолы», – деді Тоқаев құттықтауында.

Президент биыл Абай күні мемлекет пен қоғамда ауқымды өзгерістер жүзеге асырылып жатқан кезеңде аталып өтіп отырғанына назар аударды.

«Қазақстанның Халықтық Конституциясы күшіне енді, барлық билік институттарын жаңғырту үдерісі басталды. Бұл – еліміздің алдағы ұзақ мерзімді дамуының негізін қалайтын тарихи кезең. Осы айда еліміздің тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтеді. Бір палаталы парламент реформаларымызға жаңа серпін береді», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жаңа қоғамдық әдепті қалыптастыру, ұлттық бірегейлікті нығайту және гуманистік мұраттарды дәріптеу мәселесінде қазақстандықтар Абай шығармашылығына әрдайым жүгінеді.

Президент ұлы ойшылдың мұрасы алдағы уақытта да қазақстандықтардың бойында шынайы отаншылдық пен Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға қызмет ететініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы барша отандасына зор денсаулық, бақ-береке және жаңа жетістіктер тіледі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Алматыдағы жаңа құрылыс: сәулет пен қала құрылысына қойылатын негізгі талаптар

Ару Алматы – тек Қазақстанның мәдени және қаржылық орталығы ғана емес, әр дәуірдің өзіндік қолтаңбасы сақталған бірегей сәулет кеңістігі. Қаланың сәулеттік келбеті Тянь-Шань тауларының бөктерімен үйлесім тауып, өткен ғасырлар мен қазіргі заманның сәулет үлгілерін тоғыстырған. Бүгінде Алматының қарқынды дамуы шаһардың сәулеттік және қала құрылысы келбетіне жаңа талаптар қойып отыр. Қала аумағында жаңа нысандардың пайда болуы – тек жекелеген ғимарат салу мәселесі ғана емес, сонымен бірге тұтас аумақтың болашақ дамуын ескеретін кешенді үдеріс. Осы орайда Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының негізгі міндеттерінің бірі – жаңа құрылыс нысандарының оқшауланған түрде емес, бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сай, нақты аумақтың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып жобалануын қамтамасыз етіп отырғанын Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлімсейтов мәлімдеді.

Қазақстан мен Қытай инвестициялық форум қорытындысы бойынша 10 құжатқа қол қойды

Алматыда өткен «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумының қорытындысы бойынша 10 құжатқа қол қойылды, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Гонконг пен Австралияның қор индекстері төмендеді, Жапония нарығы бесінші күн қатарынан өсті

Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор нарықтары жұма күнгі сауданы әртүрлі бағытта аяқтады. Қытайдың құрлықтық бөлігіндегі және Оңтүстік Кореядағы биржалар мемлекеттік мерекелерге байланысты жұмыс істемеді.

Кремль Дмитриевтің АҚШ өкілдерімен келіссөзді жалғастырып жатқанын мәлімдеді

Ресейдің тікелей инвестициялар қорының (РТИҚ) басшысы, Ресей президентінің шет елдермен инвестициялық-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Кирилл Дмитриев АҚШ президентінің өкілдері Стив Уиткофф және Джаред Кушнермен келіссөзді жалғастырып жатыр.