Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Астана мен Токионың қалалық басқаруға жасанды интеллектті енгізу бағытындағы ынтымақтастығында зор...

Тоқаев Астана мен Токионың қалалық басқаруға жасанды интеллектті енгізу бағытындағы ынтымақтастығында зор әлеует бар екенін атап өтті

|

|

Астана. 19 желтоқсан. Интерфакс-Қазақстан — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Токио губернаторы Юрико Коикэмен цифрландыру, Smart city технологияларын дамыту, жасанды интеллектті (ЖИ) қолдану және қалалық басқаруға инновациялық шешімдерді енгізу салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл туралы жұма күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесуде мегаполис тұрғындары мен қонақтары үшін неғұрлым қолайлы, экологиялық тұрғыдан орнықты, қауіпсіз әрі инклюзивті орта қалыптастыру мәселелері де қарастырылды.

«Мемлекет басшысы екі астананың қалалық басқаруға жасанды интеллектті енгізу бағытындағы ынтымақтастығында үлкен әлеует бар екенін атап өтті», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ кездесу барысында Тоқаевқа Токио қаласының Smart city тұжырымдамасы таныстырылды. Аталған тұжырымдама өмір сапасын арттыруға, басқару тиімділігін күшейтуге және орнықты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған озық технологияларды пайдалануды көздейді.

Қазақстан Президенті Жапонияда ресми сапармен жүр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.