Евразия24ЖаңалықтарТоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

|

|

Астана. 5 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Құттықтауында Мемлекет басшысы домбыраны «қасиетті аспап» әрі «ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігі» деп атады.

«Ғасырлар бойы домбыра арқылы халқымыздың асыл адамгершілік құндылықтары дәріптеліп, дәуірлер мен ұрпақтардың сабақтастығы сақталып келеді. Шын мәнінде, домбыра – қуанышта да, сын-қатер кезеңінде де халқымыздың рухын көтеріп, бірлігін нығайтатын ұлттың үні. Домбыраның күмбірінен шабыт алып, алға нық қадам басуға жол көрсететін рухани бағдар табамыз», – делінген Президенттің құттықтауында.

Тоқаевтың атап өтуінше, жаһандық сын-қатерлер күшейіп, дәстүрлі құндылықтардың маңызы әлсіреп жатқан кезеңде домбыра мен Ұлы даланың бай мұрасы қазақ мәдениетінің мызғымас негізіне айналуға тиіс.

«Қазақ домбырасының асқақ әуенін халықаралық қауымдастыққа кеңінен таныту – баршамыздың ортақ парызымыз», – деді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстанда домбыра өнерін дамытып, оны шетелде лайықты дәрежеде насихаттап жүрген домбырашыларға, ұстаздарға және осы салаға үлес қосып жүрген барша азаматтарға алғыс білдірді.

«Қазақтың күйлері мен әндері әрдайым отандастарымыздың жүрегіне жылу сыйлап, бізді Қуатты әрі Әділетті Қазақстанды құру жолындағы жаңа жетістіктерге жігерлендіре береді! Әр шаңыраққа бейбітшілік, бақыт және бақ-береке тілеймін!» – деді Мемлекет басшысы.

Ұлттық домбыра күні Қазақстанда 2018 жылы белгіленген. Мереке жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

«Келешектің» болашағы қандай?

Ұлттық байлықтың игілігін болашақ ұрпақпен бөлісу – дұрыс әрі әділетті идея. Бірақ кез келген ауқымды әлеуметтік бастама  ерте ме, кеш пе бюджеттің қатаң есепке тіреледі: қанша қаражат қажет, ол қайдан алынады және мемлекет қабылдаған міндеттемені 10–20 жылдан кейін де орындай ала ма? Бүгінде «Ұлттық қор – балаларға» және «Келешек» бағдарламалары қатар жұмыс істейді. Екеуінің де түпкі мақсаты ұқсас – баланың болашағына капитал қалыптастыру. Сондықтан ендігі мәселе – осы екі тетікті бір-бірінен бөлек ұстай беру керек пе, әлде оларды бір тиімді жүйеге біріктіруге бола ма? Спойлер ретінде айта кетейік: шешім табылды, ол күрделі пайыздың сиқырында және үшінші бала дүниеге келгенде отбасыларды қолдауда жатыр.

Тоқаев Каспийдің тартылу салдарын азайту үшін Каспий маңы елдерін күш біріктіруге шақырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізінің тартылу салдарын азайту үшін Каспий маңы мемлекеттерінің басшыларын күш біріктіруге шақырды.

Тоқаев 2027–2030 жылдарға арналған ТМД-ның ірі индустриялық-технологиялық жобалар топтамасын қалыптастыруды ұсынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2027–2030 жылдарға арналған ТМД-ның ірі индустриялық-технологиялық жобалар топтамасын қалыптастыруды ұсынды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Азия қор индекстері өсті

Жұма күні Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор индекстері негізінен өсті.Оңтүстік Корея нарығы мемлекеттік мерекеге байланысты жұмыс істемеді.