Евразия24ЖаңалықтарТоқаев ТМД елдеріне климаттық және техногендік төтенше жағдайларды болжау жөніндегі өңірлік орталық...

Тоқаев ТМД елдеріне климаттық және техногендік төтенше жағдайларды болжау жөніндегі өңірлік орталық құруды ұсынды

|

|

АСТАНА. 10 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде өткен ТМД саммитінде климаттық және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды алдын ала болжауға арналған өңірлік орталық құруды ұсынды.

«Климаттық және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болжау жөніндегі Өңірлік орталық құру арқылы күш-жігерімізді біріктіруді ұсынамыз. Қазіргі уақытта Каспий теңізінің қарқынды тартылуы алаңдатарлық жағдайға айналды. Бұл енді тек өңірлік деңгейдегі емес, жаһандық сипаттағы мәселе», – деді Тоқаев, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Каспий теңізінің су ресурстарын сақтау жөніндегі мемлекетаралық бағдарламаны әзірлеуге өзге де елдерді атсалысуға шақырды.

«Бұл маңызды құжатты дайындауға каспий маңы елдерінен бөлек, мүдделі мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарды да тартуға болады», – деп атап өтті Президент Тоқаев.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026 жылы Қазақстанда картоп пен көкөніс өнімінің орташа көлемде жиналатынын болжады

Қазақстан 2026 жылы 2,5–2,6 млн тонна картоп және шамамен 3,5 млн тонна көкөніс жинауды жоспарлап отыр.

Wildberries 2027 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда жалпы аумағы 260 мың шаршы метр болатын қойма кешендерін пайдалануға береді

Wildberries компаниясы Алматы мен Астанада жалпы аумағы 260 мың шаршы метрді құрайтын қойма кешендерін салып жатыр.

Еуропада футболдан әлем чемпионатының балама турнирін өткізу мүмкіндігі қарастырылуда

Егер ФИФА президенті Джанни Инфантиномен арадағы текетірес жалғасатын болса, УЕФА серіктестерімен бірлесіп футболдан әлем чемпионатының балама нұсқасын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруы ықтимал.

Қазақстан Алатауда «жасыл» авиаотын өндіретін экожүйе құруды жоспарлап отыр

Қазақстан билігі Алатау қаласында тұрақты авиациялық отын (SAF) өндіруге арналған кешенді экожүйе құруды көздейтін Green Kazakhstan жобасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.