Евразия24ЖаңалықтарUniversal Music инвестициялық қорлармен компанияны жекеменшікке көшіру мүмкіндігін талқылаған

Universal Music инвестициялық қорлармен компанияны жекеменшікке көшіру мүмкіндігін талқылаған

|

|

Нью-Йорк. 27 қазан. ИНТЕРФАКС – Әлемдегі ең ірі дыбыс жазу компаниясы Universal Music Group NV (UMG) биыл бірқатар тікелей инвестиция қорларымен компанияны жекеменшікке көшіру мүмкіндігі жөнінде алдын ала келіссөз жүргізген. Бұл туралы Bloomberg агенттігі жағдайдан хабардар дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Дереккөздердің мәліметінше, UMG басшылығы Apollo Global Management, TPG және Blackstone сияқты инвестициялық компаниялармен келіссөз өткізген. Алайда тараптар нақты келісімге келген жоқ, ал Universal Music компанияны сату рәсімін бастаған емес.

Қазіргі уақытта дыбыс жазу компаниясының нарықтық құны шамамен 29 млрд еуроны құрайды. Жыл басынан бері UMG акциялары 29 пайызға арзандап, қазір 2021 жылы биржаға алғаш шыққан кездегі бағасынан төмен саудаланып жатыр. Ал жеке инвестициялар нарығында музыкалық каталогтар мен осы саладағы басқа да активтер UMG және оның бәсекелесі Warner Music Group компанияларының нарықтық бағалау көрсеткіштеріне қарағанда әлдеқайда жоғары мультипликаторлармен бағаланады.

Биыл сәуір айында инвестор Билл Акманның Pershing Square Capital Management компаниясы UMG-ді сатып алып, оның акцияларын Амстердам биржасынан АҚШ қор нарығына көшіру туралы ұсыныс жасаған. Universal бұл ұсынысты қабылдамады. Дегенмен компанияның ең ірі акционері – Боллоре отбасы UMG акцияларының нарықтағы бағасы шынайы құнынан төмен деген Акманның пікірімен келіскен.

Боллоре отбасы Bollore холдингі арқылы Universal Music акцияларының 30 пайыздан астамын бақылауда ұстайды. Тағы 11 пайыздан астам үлес Қытайдың Tencent интернет алпауытына тиесілі.

Universal Music әлемдегі үш ірі дыбыс жазу компаниясының ішіндегі ең табыстысы саналады. Өткен жылы әлем бойынша жазбалары ең көп сатылған он орындаушының тоғызының туындыларын тарату ісімен осы компания айналысқан. UMG-мен Тейлор Свифт, Леди Гага және Билли Айлиш сияқты әлемге әйгілі әншілер жұмыс істейді. Сонымен қатар компания Queen, The Beatles топтары мен Боб Диланның музыкалық шығармаларына қатысты құқықтарды иеленеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкіліне Қазақстан балалары туралы есеп берілді

Оқу-ағарту министрі БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілімен кездесті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғауға, зорлық-зомбылықтың алдын алуға және әрбір баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық және институционалдық реформалар жүзеге асырылып жатыр.

Еңбек министрлігі АӘК алушылар санының қысқарғанын мәлімдеді

Қазақстанда 2021–2025 жылдар аралығында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылардың саны екі еседен астам қысқарды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Kazinform агенттігінің ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Алматыдағы балабақшада балалар бір-біріне күш көрсеткен

Әлеуметтік желілерде кішкентай балалардың өз қатарласының бірін тұншықтырып, тепкілеп, ұрып-соққаны бейнеленген жан түршігерлік видео таралып жатыр. CMN ақпарат агенттігінің хабарлауынша, оқиға Алматыдағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болған. Ал әлеуметтік желідегі басқа бір парақшада аталған балабақшаның атауы да көрсетілген. Әзірге балабақша әкімшілігі де, Алматы қаласының Полиция департаменті де ресми түсініктеме берген жоқ. Сондықтан оқиғаның мән-жайына қатысты нақты тұжырым жасауға ерте.

Әскери реформа: сарбаздарға қандай жағдай жасалады?

Қазақстанда әскери реформаның негізгі бағыттары айқындала бастады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 27 қыркүйекте оны әзірлеуге 10 күн мерзім берген еді. 2026 жылғы 21 қазанда реформа Қауіпсіздік кеңесінің мақұлдауынан өтті. Дайындық жұмыстары белгіленген мерзімнен ұзағырақ жүргізілгенімен, құжаттың толық нұсқасы әлі жарияланған жоқ. Алайда Қорғаныс министрлігі алдағы өзгерістер туралы бірқатар мәлімет ұсынды. Атап айтқанда, армияның ұтқырлығы мен технологиялық мүмкіндіктерін арттыру, мерзімді әскери қызметті екі кезеңге бөлу, сондай-ақ әскери қызметшілерді командирлер тарапынан болатын заңсыз әрекеттерден қорғауды күшейту жоспарланып отыр. «Евразия24» басылымы 30 қыркүйекте ашық дереккөздердегі мәліметтер негізінде әскери реформаның ықтимал нәтижелеріне талдау жасаған болатын. Сол талдауда армияның жай-күйіне, әскери басшылыққа немесе стратегиялық құжаттарға қатысты мәселелерден гөрі, бұрын қабылданған бастамалардың тиісті деңгейде орындалмауы басты түйткіл екені айтылған еді.