Евразия24Экономика

Экономика

Аудиттен кейін ҚДБ қарыз алу саясатын түзетті

“Қазақстан Даму Банкі” АҚ 2028 жылға дейінгі даму жоспарында қарыз алу саясатының ашықтығы мен болжамдылығын арттыру бойынша шаралар қабылдады. Аталған жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша жүргізілді. Биыл Жоғары аудиторлық палата “Бәйтерек” ұлттық басқарушы холдингі” АҚ мен оның еншілес ұйымдарында қарызды басқару тиімділігін тексерді. Нәтижесінде, “ҚДБ” АҚ-ның қарыз алу саясатының стратегиялық бағыттары даму жоспарында толық көрініс таппағаны анықталды.

Ядролық серіктестік: Үлкендегі алғашқы қадам

2025 жылғы 8 тамызда Алматы облысы Жамбыл ауданының Үлкен кентінде АЭС салу жобасы аясындағы алғашқы жұмыстар басталды – атом электр станциясының ірі қуатты нысанын салуға арналған оңтайлы алаңды таңдау және жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау мақсатында инженерлік іздестірулер жүргізілуде. «Үлкен кентінде инженерлік іздестіру жұмыстарының басталуы – қазіргі Қазақстан тарихындағы қуаты жоғары алғашқы атом электр станциясына апарар жолдың бастауы.

Теңге рубльден ажыраса, не өзгереді?

Бұрын-соңды болмаған көрсеткіш тағы тіркелді: әдеттегі «1 рубль — 5 теңге» қатынасының орнына 1 рубль 6,7 теңгеге жетті. Дегенмен, мұндай жағдай бұған дейін де болған: жуырда ғана (қашан және қандай себеппен болғанын төменде еске саламыз) рубль 8 теңгеге дейін қымбаттаған. Тереңірек қарасақ, рубль құны 14 теңгеден де асып кеткен кезеңдер бар — оның да мерзімі мен себептерін еске саламыз. Ұлттық валютаның доллармен бағамы тамыздың басында бұрын-соңды болмаған 540 теңгеге дейін әлсіреп, кей сәтте 550-ге жетті. Ал беделді сарапшылар қоғамды «доллар — 600 теңге» деңгейіне дайын болуға шақырып жатыр.

Доллар 600 теңгеге жете ме? Экономистердің болжамы

Өткен жылы елдің номиналды ЖІӨ 119 трлн теңгеден 137 трлн теңгеге дейін өсіп, 15%-ға артты. Инфляцияны алыптастағанда, нақты өсім 4,8% деңгейінде болды. Ал М3 көрсеткішімен өлшенетін ақша массасы 19,2%-ға ұлғайып, 2023 жылдың соңындағы 38 трлн теңгеден 45 трлн теңгеге жетті. Яғни бір жылда 7 трлн теңгеге көбейген. Бұл– айтарлықтай үлкен көрсеткіш. Ақша көлемінің артуы ішкі өндірістен озған жағдайда инфляция үдейді. Сұраныс көбейіп, ұсыныс ілесе алмаған кездеішкі нарықтағы баға өсіп, тұтынушылар импортқа көше бастайды.

NCOC жеңді: Қазақстан табиғатын кім қорғайды?

«NCOC 2,3 трлн теңгеге (4,2 млрд доллар) экологиялық дауда жеңіске жетті. Апелляциялық соттың шешімі – күкіртті басқару бойынша NCOC компаниясының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ қолданыстағы стандарттар мен озық тәжірибелерге толық сәйкес жүзеге асырылғанын растайды. Біз бұл шешімді құптаймыз», – делінген NCOC операторы мен серіктестерінің бірлескен мәлімдемесінде. Еске сала кетсек, Қазақстан Кашаган кен орнын игеруге қатысушы компанияларға 2,3 трлн теңге көлемінде айыппұл салуға тырысқан болатын.