Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Жерді қашықтан зондтау спутниктерін 75 млн долларға экспорттауды жоспарлап отыр

Қазақстан Жерді қашықтан зондтау спутниктерін 75 млн долларға экспорттауды жоспарлап отыр

|

|

Астана. 6 қаңтар. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан алдағы жылдары Жерді қашықтан зондтау спутниктерін 75 млн АҚШ долларына экспорттауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

«Жасанды интеллект министрлігінің қарамағында отандық спутниктерді өндіруге арналған кешен бар. Қазіргі уақытта аталған кәсіпорынның өндірістік қуаттарын толық жүктеу бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде. Алдағы жылдары бұл жерде кемінде 5–6 Жерді қашықтан зондтау спутнигі шығарылады. Соның ішінде экспорт көлемі 75 млн АҚШ долларын құрайды», – деді Мәдиев сейсенбі күні өткен Үкімет отырысында.

Ол Қазақстан тарихында алғаш рет жоғары технологиялық өнім – спутниктер экспорты жүзеге асатынын атап өтті.

Вице-премьердің таныстырылымында 2024–2025 жылдары Қазақстанда өндірілген Жерді қашықтан зондтау спутниктерін Моңғолия, Конго және Нигерия елдеріне жеткізуге арналған экспорттық келісімшарттар жасалғаны көрсетілген.

Технологиялық экспорттың негізгі мақсаты – Made in Qazaqstan белгісімен халықаралық спутниктік топтаманы қалыптастыру.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Бақыттың формуласы өзгерді ме, әлде адамның өзі ме?

Соңғы жылдары қоғамда бір қызық құбылыс байқалады. Бұрын адамның бақытты болуы белгілі бір жетістіктермен өлшенетін: жоғары білім алу, тұрақты жұмыс табу, баспана сатып алу, отбасы құру.

Пәкістан Премьер-министрі мен Қарулы күштердің қолбасшысы Сауд Арабиясына барады

Пәкістанның Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен елдің Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Асим Мунир бейсенбі күні Сауд Арабиясына ресми сапармен барады.

Ливанда 800 мыңнан астам адам үйлеріне орала бастады

Израиль әскері мен «Хезболла» қозғалысы арасындағы қақтығыстар салдарынан туған жерін тастап кетуге мәжбүр болған 800 мыңнан астам ливандық өз үйлеріне қайта орала бастады.

АҚШ Иранның мұнай экспортына салынған санкцияларды жеңілдетуі мүмкін

Егер Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын ұйымдастыру жөнінде келісімге келсе, АҚШ Иранның мұнай экспортына қатысты санкцияларды жеңілдетіп, ирандық порттарға қойылған теңіз блокадасын алып тастауы мүмкін.