Евразия24ЖаңалықтарСирия Қорғаныс министрлігі Алеппода атысты тоқтату режимі енгізілгенін мәлімдеді

Сирия Қорғаныс министрлігі Алеппода атысты тоқтату режимі енгізілгенін мәлімдеді

|

|

Дубай. 9 қаңтар. ИНТЕРФАКС – Сирияның Қорғаныс министрлігі жұмаға қараған түні Алеппо қаласында атысты тоқтату режимі енгізілгенін жариялады. Бұл қалада үкімет күштері мен күрд жасақтары арасында қақтығыстар болған.

Сириялық бұқаралық ақпарат құралдары таратқан министрлік мәлімдемесінде тұрғын аудандарда жағдайдың ушығуына жол бермеу мақсатында Алеппо қаласындағы Шейх-Максуд, Ашрафия және Бани-Зейд аудандарының маңында 03:00-ден бастап (Мәскеу уақытымен сәйкес) атысты тоқтату тәртібі күшіне енетіні айтылған.

Сонымен қатар күрд қарулы топтарына көрсетілген аумақтардан жұма күні таңғы 9:00-ге дейін кету үшін уақыт берілетіні атап өтілді.

Апта барысында Алеппода Сирия үкімет күштері мен күрдтер басқаратын Сирия демократиялық күштері арасындағы қақтығыстардың қайта басталғаны хабарланған болатын.

Бұған дейін Сирияның ақпарат министрлігі Алеппода шектеулі әскери операцияның жақын арада басталатынын мәлімдеген. Ведомство дерегінше, соңғы айларда Сирия демократиялық күштерінің шабуылдары салдарынан 25 әскери қызметкер мен 20-дан астам бейбіт тұрғын қаза тапқан.

Өз кезегінде Сирия демократиялық күштері үкімет әскерлерін Шейх-Максуд пен Ашрафиядағы күрд аудандарына ауыр қару қолдана отырып шабуыл жасады деп айыптады. Құрамалар аталған аудандар тұрғындарын қорғауға дайын екенін білдірді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Есепте арзандаған дәрі дәріханада қымбат: үкімет нарықты ретке келтірмек

Қазақстанда дәрі-дәрмек жалпы инфляциядан әлдеқайда жылдам қымбаттап жатыр. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі әрбір төртінші препараттың бағасы төмендегенін мәлімдейді. Бұл қайшылық 3 қарашада халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі қаралған үкімет отырысынан кейінгі баспасөз конференциясында байқалды. Дегенмен шенеуніктер тек баға жайын сөз еткен жоқ. Олар мемлекеттік сатып алуда миллиардтаған теңге үнемделгенін айтып, жаңа фармацевтикалық өндірістер ашылатынын, тегін дәрі-дәрмекпен қамту аясы кеңейіп, цифрлық бақылау күшейетінін хабарлады. Мұның бәрі, сөзсіз, маңызды. Бірақ қазақстандықтар осы қамқорлықтың игілігін көре ме? Мәселенің мәніне үңіліп көрейік.

Песков Ресейдің ТМҰ-ға қатысуы туралы пікір білдірді

Ресейдің Түркі мемлекеттері ұйымына қатысуы қисынды әрі орынды болар еді. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Оның айтуынша, Мәскеуге әзірге ресми шақыру түспеген.«Ресейдің Түркі мемлекеттері ұйымына қатысуына келсек, өздеріңіз білетіндей, Ресейдің бірқатар өңірінде тарихи шығу тегі жағынан түркі халықтары тұрады», – деді Песков.

Өзгенің баласын өз атына жаздырған ер адам енді одан бас тарту үшін Конституциялық сотқа жүгінді

Астанадағы Конституциялық сотта судья-баяндамашы Айжан Жатқанбаеваның төрағалығымен баланың анасымен ажырасқаннан кейін өзінің әкелігін даулап отырған ер адамның өтініші қаралып жатыр. Ол баланың биологиялық әкесі емес.

Еңбек министрлігі: сынақ мерзімі жалақы төлемеуге негіз емес

Жұмыс беруші қызметкерді жұмысқа қабылдағанда оның кәсіби дағдыларын және тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін бағалау үшін сынақ мерзімін белгілей алады. Алайда сынақ мерзімі азаматтардың еңбек құқықтарын шектемейді.