Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Парламенті дипломдарды тану жөніндегі Токио конвенциясын ратификациялады

Қазақстан Парламенті дипломдарды тану жөніндегі Токио конвенциясын ратификациялады

|

|

Астана. 15 қаңтар. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Парламентінің Сенаты бейсенбі күні өткен пленарлық отырыста 2011 жылғы 26 қарашада Токио қаласында қол қойылған «Жоғары білім беру саласындағы біліктіліктерді тану туралы Азия–Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын (Токио конвенциясы – ИФ-К) ратификациялау туралы» заңды мақұлдады.

Бұған дейін заңды Мәжіліс қабылдаған болатын. Осылайша, құжат Парламент тұтастай қабылдаған заң болып есептеледі және Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Заң дипломдарды, ғылыми дәрежелерді және өзге де біліктіліктерді тану рәсімін жеңілдетуге, оларды бағалау кезінде ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ өңір елдері арасындағы академиялық және кәсіби ұтқырлықты кеңейтуге бағытталған.

Конвенцияға сәйкес, оған қатысушы мемлекеттер білім беру бағдарламаларында елеулі айырмашылықтар болмаған жағдайда, басқа елдер берген біліктіліктерді тануға міндеттенеді. Сондай-ақ әрбір қосылған мемлекетте жоғары білім беру туралы ақпарат ұсынатын ұлттық ақпараттық орталықтар құру, білім беру жүйелері мен аккредиттелген жоғары оқу орындары жөнінде сенімді деректер алмасу көзделген.

Бұған дейін құжат Мәжілісте қаралған кезде Қазақстан дәстүрлі емес оқыту модельдері немесе толық емес оқу курстары арқылы алынған біліктіліктерді тануға қатысты бірқатар баптар бойынша ескертпе жасаған болатын.

Қазіргі уақытта Токио конвенциясына 12 мемлекет қатысушы болып табылады. Олардың қатарында Ауғанстан, Армения, Аустралия, Қытай, Фиджи, Қасиетті Тақ, Жапония, Моңғолия, Жаңа Зеландия, Корея Республикасы, Ресей және Түркия бар.

Қазақстан Токио конвенциясына қосылған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет атанып, бұл елдің өңірлік білім беру хабы ретіндегі ұстанымын нығайтуға ықпал етеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан Парламенті Құрылтай туралы конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттары жұма күні өткен бірлескен отырыста «Құрылтай (бір палаталы парламент) және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасын қарап, бірінші оқылымда мақұлдады.

Қазақстан Президенті Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған салтанатты шараларға қатысады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтетін Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады.

Иран Әскери-теңіз күштері мұнай танкерін ұстағанын хабарлады

Жұма күні Иранның Әскери-теңіз күштері (ӘТК) «Ocean Koi» мұнай танкерін ұстағанын жариялады. Бұл туралы ИРНА агенттігі хабарлайды.

АҚШ-тың еңбек нарығы туралы деректер алдында доллар позициясын жоғалтты

Жұма күні күндізгі саудада АҚШ долларының бағамы еуро, фунт стерлинг және иенаға шаққанда төмендеп жатыр. Доллардың алты негізгі валютаға қатысты динамикасын көрсететін ICE DXY индексі 0,11%-ға, ал WSJ Dollar индексі 0,24%-ға төмендеді.